• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ғылым – даму мен өркендеу жолы

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты шараға қатысып, сөз сөйлеген облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірде ғылымның дамуына үлес қосқан бірқатар ғалымдар мен студенттерді Алғыс хаттармен марапаттап, ақшалай сертификаттар табыс етті.

Салтанатты шараны ашқан өңір басшысы бүгінгі таңда Қазақстанның ғылым саласында оң өзгерістер болып жатқанын атап өтті.

– Барлық уақытта ғылым экономикалық қайта құрудың қуатты ресурсы, ұлттық байлықтың ең маңызды құрамдас бөлігі және технологиялық прогрестің қозғаушы күші болған және болып қала береді. Бұл саланы қаржыландыру екі есеге өсті, 2025 жылға қарай оны жалпы ішкі өнімнің бір пайызына дейін жеткізу жоспарлануда. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстардың жиілігі де артты. Докторанттарға арналған шәкіртақы мөлшері 80 пайызға өсті, ол жыл сайын 15 пайызға артып, 2025 жылға қарай 260 мың теңгені құрайтын болады. Жыл сайын үздік ғалымдарға 50 сыйақы тағайындалады. Ғылыми ұйымдардың базасы нығайып, зертханалық құрал-жабдықтар сатып алынуда. Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымға тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру жобасы және жас ғалымдарға жыл сайын бір мың грант бөлінетін «Жас ғалым» жобасы жүзеге асырылуда. Ақмола облысы бұрыннан жоғары ғылыми-өндірістік және инновациялық әлеуетке ие. Смағұл Сәдуақасов атындағы аграрлық-экономикалық институтының, Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының жұмыс істеуі – соның айқын дәлелі. Бұл ауыл шаруашылығы саласында қолданбалы зерттеулер жүргізетін республикадағы жетекші мекемелер. Бараев орталығының ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру өз нәтижесінде 60-қа жуық агротехнологиялар әзірленіп, бейімделді. Оларды тәжірибеде қолдану бойынша 50-ден астам ұсыныстар берілді. Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, «Ақ Орда», «Шаңырақ», «Экспо-2017», «Шабыт» және тағы басқа жаздық жұмсақ бидайдың жаңа сорттары шығарылды. Аграрлық-экономикалық институт ұзақ жылдар бойы агроөнеркәсіптік кешен саласында жоғары білікті кадрларды даярлап, ауыл шаруашылығында, экономикада, ғылымда жоғары технологияларды дамытуға бағытталған бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді, – деді Ермек Маржықпаев.

Расында да, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ұжымының жұмыс нәтижесі көңіл қуантарлық. Биыл аталмыш оқу орны 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бүгінде Көкшетау университеті солтүстік өңірдегі жетекші оқу орны болып табылады. ARES университеттерінің халықаралық рейтингінің нәтижелері бойынша бұл оқу орны 14-ші орында болса, HAAP білім беру бағдарламалары рейтингінде тоғызыншы орында. Ал, университеттердің IAAR ұлттық рейтингінде 85 жоғары оқу орындарының арасында 9-шы орында.

Университет 56 бакалавриат, 36 магистратура және 7 докторантура мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. Сондай-ақ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті дуалды оқытуға ерекше назар аударады. Бүгінде университетте көптеген кәсіпорындар мен мекемелердің негізінде кафедралар мен факультеттердің филиалдары ашылды. 18 кафедрада 400-ден астам оқытушы, оның ішінде 22 ғылым докторы, 94 ғылым кандидаты, 27 PhD докторы, 62 шетелдік оқытушы және 34 «Қазақстан Республикасы ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері жұмыс істейді. Университет 18 елдің жүз шетелдік университеттерімен, қорларымен және бағдарламаларымен ынтымақтасады.  Еуропалық, Еуразиялық және Азиялық университеттер қауымдастығының тізімінде.

– Сол сияқты, ғылымның дамуына күнделікті еңбектерімен үлес қосып жүрген ғалымдар мен ұстаздарды да атап өткім келеді. Университеттің ғылыми қызметінің құрамдас бөлігі студенттердің, аспиранттар мен қызметкерлердің дарынды жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу қызметі болып табылады. Бар күш-жігерін аямай, әлемді жақсы жаққа өзгертетін, өңір мен елдің абыройын асқақтата алатын тың жаңалықтарға бағытталған зерттеулерге білімі мен біліктілігін жұмсап жатқан баршаға шексіз алғысымды білдіремін. Ақмолалық ғылыми қауымдастықтың орасан зор шығармашылық, сындарлы әлеуеті жақын болашақта өңірді жан-жақты дамытудың маңызды ресурстарының біріне айналатынына сенімдімін, – деді Ермек Маржықпаев.

Марапаттау барысында өңірдің ғылым саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар мен ұстаздарға және студенттерге Алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді. Олардың қатарында: Нұргүл Нұрмұхамбетова, Төлеген Сейілханов, Хайролла Байшағыров, Бәрия Жахина, Уәлихан Сағалбеков, Балташ Кәріпов, Аманбай Сейітқасымов, Раушан Қияқова, Лиза Навий, Динара Рыспаева, Салидат Кенжеғарина, Нұржан Смағұлова, Данияр Нұрұшманов, Тамила Жабасова, Томирис Саматова, Тамерлан Ақылбековтер бар.

Өз кезегінде ректор Марат Сырлыбаев университет ұжымы атынан облыс әкіміне жан-жақты қолдауы үшін алғысын білдірді.

– Соңғы екі жылда университет Ақмола облысының ірі кәсіпорындарымен ғылымды интеграциялау курсынан өткенін ерекше атап өткім келеді. Кәсіпкерлік және туризм басқармасымен бірлесе отырып, оқу орны облыстағы ірі кәсіпорындармен тек кадрларды даярлауда ғана емес, ғылыми зерттеулер жүргізуде де белсенді ынтымақтастық орнатып келеді. Осылайша «Тыныс» АҚ, «Гормолзавод» ЖШС, «Алтынтау» АҚ, «Тиолайн» ЖШС, «Евразия Групп» ЖШС және басқалары біздің тұрақты серіктестеріміз болып қала береді. Мен бұл серіктестерге бірлескен жұмысы, ынтымақтастығы және қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Біз университеттің ғылыми қызметін дамыту орайында шефтік көмек туралы меморандумдарға қол қойдық, бұл ғалымдарымызға инновацияларды өндіріске енгізуде нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді, – деп түйіндеді сөзін Марат Сырлыбаев.

  • 14.04.2022
  • 220
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика