- Блогтар
- Көшербаев Е.Б.
Көшербаев Е.Б.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Семейде «Сергек» фото және бейнетіркеу жобасын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өткіздім
Семейде «Сергек» фото және бейнетіркеу жобасын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өткіздім. 616 камера 74 желілік учаскеде және 40 адам көп шоғырланған қиылыста орнатылады. Және де тағы 687 сыртқы бейнебақылау камерасы қосымша жұмыс істейтін болады. Әзірге жабдық орнатылған жерде ол тест режимінде жұмыс істеуде. Әлеуметтік және бизнес нысандардағы барлық камералар да «Сергек» жүйесіне біріктіріледі. Сондай-ақ ахуалдық орталық пен деректерді өңдеу орталығы орналасатын жер анықталды. Жұмыстар бұрын бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, маусым айында аппараттық-бағдарламалық кешендер Семейде толық күшіне енеді, қала тұрғындары үшін «109» анықтама қызметі қолжетімді болады.
- 15.04.2022
- 223