• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев үкіметтік емес ұйымдар арқылы ерекше балаларға арналған түзету кабинеттерін ашу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Нұрлан Ноғаев Мұнайлы ауданындағы жұмыс сапарының үшінші күнінде аудан халқымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы алдымен «Мұналы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің» жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда орталықта әртүрлі диагнозы бар 200-ден астам ерекше балаға тегін көмек көрсетілуде. Орталықта 3 логопед, 2 дефектолог, 1 психолог, 1 массаж және ЛФК маманы жұмыс істейді. 

Аймақ басшысы аудан әкімі мен уәкілетті тұлғаларға мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында ерекше балаларға арналған ыңғайлы әрі жайлы орталық ашу мәселесін пысықтауды тапсырып, мұндай жұмыстар облыс көлемінде де жүргізілу керектігін атап өтті. 

Одан әрі аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев аудандағы орталық мәдениет үйінде халықпен кездесу өткізді. Жиын барысында Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, 2022 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Бұдан кейін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарды өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, сауалдарына жауап берді.

Кездесуге келген тұрғындар жаңа аурухана, мектеп, балаларға арналған ойын алаңдарының қажеттілігі, әлеуметтік қызмет көрсету, базар жұмысын ретке келтіру, экологиялық мәселелер мен азық-түлік бағасына қатысты мәселелерді көтерді. 

Аймақ басшысы тұрғындарды жергілікті атқарушы органдардың жұмысына белсене араласып, қолдау көрсетуге шақырды.

– Жергілікті атқарушы органдардың жұмысында қоғамдық бақылау мен үкіметтік емес ұйымдардың көмегі қажет екенін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет айтқан болатын. Біз үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларына мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс және басқа да әдістер арқылы қолдау көрсетуге дайынбыз. ҮЕҰ арқылы ерекше балаларға көмек көрсетуге, емдеуге, оларды оңалту және оқыту мәселелерін шешуге болады. Мұндай бастамаларды жүзеге асыруға мемлекет өз кезегінде көмек көрсетуге дайын, - деді Нұрлан Ноғаев.

Мұнайлы ауданында бүгінде 180 мыңға жуық адам тұрады. Аудандағы негізгі мәселелердің бірі – үш ауысымды оқытуды жою. Себебі ауданда туу көрсеткіші өте жоғары. (жылына 5 мыңнан астам бала өмірге келеді) Сәйкесінше, жыл сайын мектеп оқушыларының саны артып келеді.

Бүгінгі таңда Басқұдық ауылдық округінен 800-ден астам бала көршілес Маңғыстау ауылына қатынап оқиды. Бұл мәселені шешу үшін Басқұдықта 600 және 1200 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Биыл 600 орындық мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Аталған мектептердің құрылысы аяқталған соң, мәселе түбегейлі шешімін табатын болады. 
2021 жылы Басқұдық ауылдық округінде 110 орындық жекеменшік «IQ» бастауыш мектебі, сондай-ақ Мұнайлы ауылында 80 орындық «Мерей» жекеменшік бастауыш мектебі ашылды.
Алдағы уақытта Маңғыстау ауылының Бесшоқы тұрғын үй массивінен 1200 орындық мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамаға тапсыру, сондай-ақ 1500 орындық үш жекеменшік мектеп салу жоспарлануда. Сонымен қатар Қызылтөбе-2 ауылындағы 1200 орындық мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайын. 
Ағымдағы жылдың наурыз айында Маңғыстау ауылында 150 орынға арналған аудандық орталық аурухана ғимаратының құрылысы басталды. Сонымен қатар, Қызылтөбе, Қызылтөбе-2, Дәулет және Баянды ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларының ғимараттарына күрделі жөндеу жасау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлінді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Нұрлан Ноғаев Мұнайлы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • 18.04.2022
  • 205
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика