- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
19 сәуір күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин "АMANAT" партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында өңір тұрғындарын қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Ақтөбеліктер өңір басшысына кәсіпкерлікті қолдауға, кезекте тұрғандарға баспана, ауыл шаруашылығын жүргізетін жер беруге қатысты және т.б. сұрақтары бойынша жүгінді.
Азаматтардың барлық бағыттағы сұрақтарын мұқият тыңдап шыққан Оңдасын Оразалин тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына мәселені Заң аясында шешуді тапсырды.
- 20.04.2022
- 166