• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда облыстық аналар кеңесімен бірлесіп «Еңбегі жанған арулар» іскер әйелдер форумы өтті.

Шараға Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаева, Қазақстан аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи бастаған облыстың іскер әйелдері мен көп балалы аналар қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Форумда қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкер әйелдердің рөлі ерекше. Олардың саны күн сайын артып келеді. Соның нәтижесінде облыста шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін әйелдердің үлесі 53%-ға дейін өсті.

Жиында сөз алған аймақ басшысы аруларға сәттілік тілеп, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген барша нәзік жандыларға алғысын білдірді.

– Әйел адамдардың қоғамдағы орны ерекше. Сіздердің еңбектеріңізді бағалап, өз атымнан алғыс айтқым келеді. Сіздер ұрпақ тәрбиесінен бөлек, қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп келесіздер. Оған үлкен күш керек. Мемлекет басшысы әйелдерге жан-жақты қолдау көрсетуде. Біз де өз тарапымыздан аруларымызды әрқашан қолдауға дайынбыз,-деді Нұрлан Ноғаев. 

Форум аясында іскер әйелдер қауымдастығы мен аналар кеңесі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында қайырымдылық шараларды өткізуге арналған меморандумға қол қойды.

– “Бір ананың тәрбиесі – бір ұлттың тәрбиесімен тең”. Біздің алдымызда ұлттың тірегі - ұрпақты тәрбиелеу міндеті тұр. Сондықтан, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен біз «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» қоғамын қалыптастыруға жұмыстанып жатырмыз,-деді Нәзипа Шанаи. 

Шара соңында әр салада жұмыс істейтін әйелдер арасында ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы белгілі болды. Олар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Бұдан кейін облыс әкімі форум қонақтарымен бірге «Ана мен бала» облыстық перинаталдық орталығында болып, жұмыс барысымен танысты.

  • 20.04.2022
  • 188
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика