- Блогтар
- Әлиев Ж.Ш.
Әлиев Ж.Ш.
ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті 2020 жылдың 9 айы бойынша қорытындылады.
Жақында, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті 9 айдағы қызметтің қорытындысы бойынша аумақтық Экология департаменттері басшыларының қатысуымен алқа отырысын өткізді.
Осы жылы Комитет аумақтық департаменттердің жұмысын қайта қарап, қайта құрды. Департаменттердің жұмыс сапасының нысаналы көрсеткіштері (KPI) айқындалды.
Негізгілері: кәсіпорындардың табиғатты қорғау іс-шараларын орындауы, қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, экологиялық проблемаларды шешу, қалаларды көгалдандыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау және қызметтің ашықтығы.
KPI-дің бірі – халықпен жұмыс істеу және әлеуметтік желілерде жарияланған проблемаларға жауап беру. Республиканың 12 өңірінде жұртшылықпен онлайн режимде ашық кездесулер өткізілді, тұрғындарды толғандыратын мәселелер талқыланды. Қорытындысы бойынша, жұртшылықтың пікірін ескере отырып, экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі Жол карталары әзірленді. Жол карталарының орындалу барысы туралы департаменттер әр тоқсан сайын халық алдында есеп беретін болады.
9 ай ішінде әлеуметтік желілерде жарияланған 71 бұзушылық анықталып, жойылды. Қабылданған шаралар бойынша 94 жарияланым орналастырылды. Мысалы, әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың нәтижесінде ағынды суларды заңсыз ағызу, қалдықтарды дұрыс емес жерге орналастыру және басқалары бойынша бұзушылықтар анықталды.
Ғарыштық мониторинг арқылы анықталған 7632 полигон орындарының 5752-сі жойылды. ІІМ-мен және еріктілермен бірлесіп рейдтер жүргізу барысында, 218 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орны жойылды. Сондай-ақ, жедел желі іске қосылды. Бүгінгі таңда, оған 1000-ға жуық өтініш келіп түсті, 642 қоқыс орны жойылды.
Жалпы ағымдағы кезеңде экологиялық инспекциямен 1517 бұзушылық анықталды, 1061 ұйғарым берілді, 228 млн.теңге сомасында айыппұл салынды.
Комитет реттеуші және бақылау функцияларын пайдалана отырып, сондай-ақ меморандумдарды жасай отырып, "Казцинк" ЖШС, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, ERG, NCOC және басқа да ірі компаниялардың шығарындылар көлемін азайтуға ниетті.
Жол құрылысына қалдықтарды тарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Осылайша, азаматтық құрылысқа 177 млн. тонна тартылды, айналымдық сумен жабдықтауға 644 млн.тонна су жіберілді, шығарындылар 55 мың тоннаға, қалдықтар 105 млн. тоннаға қысқартылды.
Сыбайлас жемқорлық көріністерін тоқтату бойынша жұмыстардың бағыттары айқындалды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оларды жою жоспары әзірленді. Мысалы, айыппұл мен ескерту арасындағы жазаны таңдай алу қаупі. Кәсіпорынды тексерілетін объектілер тізімінен шығару мүмкіндігі.
Экология департаменттерінің басшыларымен жұмыс форматын және басқару тәсілін өзгерту үшін алқаның екінші күні Кайдзен – бизнес-процессинг пен басқаруды жетілдіру және оңтайландыру бойынша тренингтер, сондай-ақ экологиялық проблемаларды шешу бойынша ахуалдық міндеттерді қоя отырып, стратегиялық сессия өткізілді.
Алқаның қорытындысы Комитет пен департаменттер басшылығының Министрмен кездесуі болды, онда Мағзұм Маратұлы нақты KPI әзірлеудің маңыздылығын атап өтті, онда жұмыс көрсеткіші келесідей болуы қажет:
- экологиялық мәселелерді шешу;
- шығарындыларды төмендету және кәсіпорындарды қайта жарақтандыру;
- қызметтің ашықтығы және халықтың хабарларына ден қою;
- қоғаммен және еріктілермен жұмыс жүргізу. Қоғамның экологиялық мәдениеті мен санасын арттыру.
- 26.10.2020
- 500