• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үкімет 2022 жылға арналған Макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамын мақұлдады

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлердің нақтыланған болжамын ұсынды. Министр атап өткендей, макрокөрсеткіштердің болжамы сыртқы экономикалық жағдайды, мұнай нарығындағы үрдістерді ескере отырып, нақтыланды. «Жыл басынан бері ел экономикасы өсуінің оң серпіні байқалады. Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша 3,5%. Мұнайдың Brent маркасының орташа бағасы жыл басынан бері барреліне 98 АҚШ долл. құрады. Макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 АҚШ долл. деңгейінде айқындалды. Сонымен бірге, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалауы бойынша, ағымдағы жылы әлемдік жалпы ішкі өнімнің өсу перспективаларының төмендеуі күтілуде», - деді Ә.Қуантыров. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, ел экономикасының өсу болжамы 3,9%-дан 2,1%-ға дейін төмендеді. Номиналды жалпы ішкі өнім 91,5 трлн теңге көлемінде бағалануда, бұл мақұлданған болжамнан 3,5 трлн теңгеге жоғары. «Өңдеуші өнеркәсіптегі болжамды көрсеткіштер 3,5%-тен 2,9%-ке дейін төмендетілді. Құрылыстағы өсу бұрын мақұлданған 3,8% деңгейінде сақталады. Ақпарат пен байланыста байланыс қызметіне сұраныстың азаюы нәтижесінде болжам 8,3%-тен 5%-ке дейін төмендетілді», - деді министр. Ұлттық Банктің болжамы бойынша экспорт 72,2 млрд. АҚШ долл. дейін ұлғаяды. Импорт 40,2 млрд АҚШ долл. құрайды. Инфляция 8-10% дәлізде анықталды. Бұдан басқа, түзетілген макроэкономикалық болжамның негізінде бюджет кірісі болжамы нақтыланды. Республикалық бюджеттің кірістері 2022 жылы 10,2 трлн теңге көлемінде бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 955 млрд теңгеге жоғары. «Президент қойған міндеттерді іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылға бекітілген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 4 трлн теңгеге дейін ұлғайту арқылы түзету ұсынылады. Қордағы азайтылмайтын қалдық жалпы ішкі өнімге қатысты 32% деңгейінде болжанады. Валюталық активтер 55,9 млрд АҚШ долл. деңгейінде бағалануда», - деді Қуантыров.

  • 21.04.2022
  • 191
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика