- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Қазақстанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған кезекті аукцион өтеді
2022 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында аукционды өткізуге берілген өтініштер негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукцион өткізу және оны өткізу шарттары туралы хабарлама орналастырылды.
Өтініштердің нәтижелері бойынша аукционға 40 жер қойнауы учаскесі шығарылды (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/297035?lang=kk).
Аукционға қатысуға өтініштерді беру мерзімі – аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап екі ай.
Хабарламада «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 95-бабының 2-тармағында көзделген ақпарат қамтылады.
Осыған байланысты, жер қойнауы құқығын алуға мүдделі барлық тұлғалар аукцион өткізуге арналған өтінішті электрондық аукциондар операторы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ сайтында бере алады (сілтеме: www.gosreestr.kz). Аукцион негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің шарттары мен тәртібі Кодекстің 95-99-баптарында және Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларында (ҚР Энергетика министрлігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығы) көзделген.
2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукциондарға қатысуға ниет білдірген әлеуетті шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасының 10 шетелдік мекемесінде (Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Санкт-Петербург, Сеул, Стамбул, Прага, Майндағы Франкфурт) жеке тұлға ретінде «бір өтініш» қағидаты бойынша ЖСН мен ЭЦҚ ала алады.
Шетелдік мекемелердің мекенжайлары мен телефондары ҚР СІМ сайтындағы «Қазақстанның шетелдік мекемелері» деген бөлігінде қолжетімді.
Қазақстан Республикасының аталған шетелдік мекемелерінің бірінде «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген қызметті алу үшін (консулға)мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- паспорт (түпнұсқа, жеке басын сәйкестендіру үшін);
- паспорттың электрондық көшірмесі (pdf форматында);
- ТАӘ-нің кириллицаға, қажет болған жағдайда латын әліпбиіне нотариалды куәландырылған аудармасының электрондық көшірмесі (pdf форматында);
- USB-flash жинақтағышы (ЭЦҚ кілтін сақтау үшін).
Қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні, тегін.
Осылайша, осы баспасөз хабарламасы Энергетика министрлігі өткізетін жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын хабардар ету мақсатында жарияланады.
Барлық мәселелер бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 78-68-95, 78-69-48.
- 21.04.2022
- 147