• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Ұлттық экономика министрі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысы туралы айтып берді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы айтып берді. Баспасөз конференциясына Әділет министрі Қанат Мусин және Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков қатысты.

Министр өз сөзінде Жолдауды іске асыру мақсатында 10 бағыт бойынша 36 іс-шарадан тұратын Жалпыұлттық жоспар бекітілгенін хабарлады.

Министрліктің жұмысы негізгі үш бағыт – елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру және дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар бойынша жүргізілетін болады.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарына атауларын беру туралы ұсыныс қолдау тапты. Шекараларды анықтау үшін жергілікті тұрғындардың пікірлері, экономикалық және инфрақұрылымдық әлеуеті, халық саны және басқалары ескерілді.

«Мемлекеттік органдар мен өңірлердің негізгі жұмысы 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін аяқталады, ал Мемлекет басшысының тиісті Жарлықтарының жобалары Президент Әкімшілігіне енгізілетін болады», - деп толықтырды министр.

Өңірлердің дербестігін кеңейту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жеке Заң әзірленуде. Заңның басты міндеті - жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту, процестерді бюрократиясыздандыру және олардың қаржылық дербестігін нығайту.

«Мысалы, ауылдардың қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту үшін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерін тікелей қаржыландыру тетігі енгізілетін болады. Бұдан басқа, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру бөлігіндегі мәслихаттардың өкілеттіктері кеңейтілетін болады», - деді министр.

Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар аясында 5 бағыт бойынша іс-шаралар іске асырылады. Әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін туындайтын тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында 2022 жылға арналған дағдарысқа қарсы шаралар жоспары әзірленді.

«Құжат қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, инфляцияны бақылау мен төмендетуге, сыртқы сауда қызметін ынталандыруға және инвестицияларды тартуға бағытталған», - деді Қуантыров.

  • 22.04.2022
  • 208
Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика