- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Ұлттық экономика министрі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысы туралы айтып берді
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы айтып берді. Баспасөз конференциясына Әділет министрі Қанат Мусин және Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков қатысты.
Министр өз сөзінде Жолдауды іске асыру мақсатында 10 бағыт бойынша 36 іс-шарадан тұратын Жалпыұлттық жоспар бекітілгенін хабарлады.
Министрліктің жұмысы негізгі үш бағыт – елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру және дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар бойынша жүргізілетін болады.
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарына атауларын беру туралы ұсыныс қолдау тапты. Шекараларды анықтау үшін жергілікті тұрғындардың пікірлері, экономикалық және инфрақұрылымдық әлеуеті, халық саны және басқалары ескерілді.
«Мемлекеттік органдар мен өңірлердің негізгі жұмысы 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін аяқталады, ал Мемлекет басшысының тиісті Жарлықтарының жобалары Президент Әкімшілігіне енгізілетін болады», - деп толықтырды министр.
Өңірлердің дербестігін кеңейту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жеке Заң әзірленуде. Заңның басты міндеті - жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту, процестерді бюрократиясыздандыру және олардың қаржылық дербестігін нығайту.
- 22.04.2022
- 155