• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Түркістан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарына 48 мың тонна отын бөлінді

А.ж. 22 сәуірде ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу барысында сөйлеген сөзінде ағымдағы жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрліктің бұйрығымен мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар 180 күн мерзімге белгіленгенін хабарлады.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының жанар-жағармай материалдары нарығын реформалау жөніндегі тапсырмасы бөлігінде мынадай шаралар қабылдау жоспарлануда:

- мұнай өнімдерін өндіру және бөлу саласында ашықтықты және транспаренттілікті қамтамасыз ету;

- ірі тұтынушыларда – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ базасында 150 мың тонна көлемінде және «ҚТЖ» АҚ базасында 50 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерінің резервтерін құру;

- ҚР аумағынан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салуды 6 айға ұзарту бойынша бұйрықты қабылдау.

Сондай-ақ кездесу барысында Болат Ақшолақов көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мұнай өңдеу зауыттарында бағасы 1 тоннасы үшін 212 мың теңгеден 400 мың тонна дизель отыны бөлінгенін атап өтті. Оның ішінде Түркістан облысы үшін 47,9 мың тонна дизель отыны қарастырылған, бұл елдегі бөлінген көлем бойынша Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан кейінгі 4-орын.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер нарығын реформалау бөлігінде мынадай шаралар пысықталуда:

- байланыс деректерін, егістік жерлердің жалпы алаңын, ЖЖМ-ға қажеттілікті көрсете отырып, аумақтық бөліністе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру;

- отын бөлу үшін электронды-ақпараттық жүйені енгізу, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне мұнай өнімдерін мұнай базаларынан немесе ресурс ұстаушылардан өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді.

  • 22.04.2022
  • 174
Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика