• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Әйтеке би және Хромтау аудандарында болды

22 сәуір, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Әйтеке би және Хромтау аудандарында болды.

Өңір басшысының жұмыс сапары Әйтеке би ауданына қарасты Қаратау ауылдық округінде басталып, "Қарабұтақ - Ырғыз" тасжолынан Ақкөл ауылына дейінгі автокөлік жолының орташа жөндеу жұмыстарының жобасымен танысты. Жөндеу жұмыстарына NTiger мердігер мекемесі биыл мамыр айында кірісу керек. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі тоғыз ай, құны 1,4 млрд. теңге. Сондай-ақ, Оңдасын Оразалин аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтің Қарабұтақ және Аралтоғай ауылдық округтерінің даму келешегі жайлы баяндамасын тыңдады.

Аралтөбе ауылында облыс әкімі клуб пен ауылдық әкімдік ғимаратының қалпына келтіру жұмыстарының барысын қарап шықты. Жұмыс былтыр қазан айында басталған, биыл мамыр айында аяқтау жоспарланып отыр. Ж.Сәрсенов атындағы орта мектепте облыс әкімі тұрғындармен кездесті. Кездесу кезінде ауыл шаруашылығы, баға мен жем-шөпке және т.б. қатысты сұрақтар талқыланды.

Жұмыс сапары Хромтау ауданында жалғасты. Облыс әкімі Құдықсай ауылында 2021 жылы күрделі жөндеуден өткен негізгі мектеп ғимаратын аралап көрді. Осы жерде халықпен кездесу өтті. Аудан тұрғындары сұрақтарын тікелей өңір басшысына қоюға мүмкіндік алды. Кейін Оңдасын Оразалин Хромтау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім жанынан салынған шақыру пунктінің жұмысымен танысты. Нысан 2021 жылы салынған. Мұнда жыл сайын 17 жасқа толған азаматтарды тіркеу және азаматтарды көктем мен күзде жедел әскери қызметке шақыру жүргізіледі.

  • 25.04.2022
  • 215
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика