• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімі екі айда 25 елді мекенге барып, халықпен 25 кездесу өткізді

22 сәуірде өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласының төменгі шағын аудандарының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Есептік кездесу барысында қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жылғы жүзеге асатын жоспарлар туралы айтып берді.  Нұрлан Ноғаев тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, денсаулық сақтау салаларда көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, халықты жұмыспен қамту, шағын аудандарды абаттандыру және көшелерді жарықтандыру, балалар алаңдарын, балабақшалар мен мектептер салу, қаңғыбас иттерді ату және т. б. ұсыныстарын тыңдады.

- Маңғыстау облысының әлеуеті өте жоғары, оны тиімді пайдалана білуіміз қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды үздіксіз жалғастырамыз. Міндетіміз-қолда бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын құру, заматтық қоғамды дамыту арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. Ең бастысы-қоғамдық келісім мен тұрақтылық. Біз ортақ күш-жігеріміздің арқасында ғана айтарлықтай табысқа қол жеткізе аламыз, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Бүгінде қала бойынша 265 балалар ойын алаңы бар, оның 55-і жөндеуді қажет етеді. 2021 жылы 69 ойын алаңына жөндеу жұмыстары аяқталды. Биыл қалаға жаңадан 10 балалар және 10 спорт алаңын орнату жоспарлануда. 

Лифт шаруашылығына келетін болсақ, қалалық коммуналдық меншіктегі 128 лифт ауыстыруды қажет етеді.  2021 жылы 15 лифт жаңартылды, биыл тағы 15 лифт ауыстырылады деп жоспарланып отыр.

Қаладағы тағы бір өзекті мәселе – қоғамдық дәретханалардың болмауы. Оны шешу үшін 2021 жылы қоғамдық дәретханалармен жабдықталған 8 аялдама салынды, биыл тағы осындай аялдамалар іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл жоба қаладағы қоғамдық дәретханалар мәселесін шешуге көмектеседі. 

Кездесу аяқталғаннан кейін облыс әкімі Ақтау қаласының азаматтарын жеке қабылдады. 

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес ауыл, аудан, қала әкімдері халықпен әр тоқсан сайын кездеседі. Ал облыс әкімдері жылына екі рет көшпелі кездесу өткізетін болады.

Осы жылдың наурыз және сәуір айларында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыстың шалғай елді мекендері мен қалаларында халықпен 25 кездесу өткізіп, 1000-нан астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

  • 25.04.2022
  • 184
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика