• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаулық медбике республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

Маңғыстаулық медбике Маржан Нұрлыбаева республикалық «Үздік маман – 2022» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы.

Маржан Нұрлыбаева өңірдің денсаулық саласында 1987 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде ол Жаңаөзен қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер қызметін атқарады. Ол ақ халаттылар арасында өтетін көркемөнер сайыстарына қалт жібермей қатысады. Себебі Маржанның шығармашылыққа жаны жақын және бірнеше өлеңнің авторы. 

- Сәуір айының басында республика бойынша «100 Үздік маман» шығармашылық сайысы өтетіндігін басшылық хабарлады. Сөйтіп, қатысуға ниет білдірдім. Бірінші бөлімде еңбек жолымды ұштастыра отырып «Ерен еңбек еленер, рухани дүние ол – өнер» тақырыбында эссе жаздым. Бірер күннен соң, екінші кезеңге өттіңіз деген хабарлама келіп, шарт бойынша «Дені сау ұлт,  табысты ел болайық» деген тақырыпта мақала ұсындым. 20 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласынан денсаулық сақтау саласындағы «ҚР бойынша 100 үздік маман» байқауының 1-орын жеңімпазы атандыңыз деген диплом мен алғыс хат келді. Қуанышымда шек жоқ, бала күнгі арманым орындалды, - деді Маржан Нұрлыбаева.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Маржан Нұрлыбаева аймақтың денсаулық саласындағы «Көркем сөз» номинациясы бойынша өткен сайыстың да бас жүлде иегері. 2021 жылы «Ең үздік маман» төсбелгісін алған.

- Жедел жәрдемдегі жұмысыма келер болсақ, фельдшер бұл қиын әрі қызықты мамандық. Ал, филология мамандығы бала кездегі арманым болатын. Өз мамандығымен қоса бос уақытымда шығармашылықпен айналысқанды ұнатамын, - деді Маржан Нұрлыбаева.

Айта кетейік, Маржан Нұрлыбаеваның ақындық қабілеті де басым. Оның қаламынан туған бірнеше өлең «Ғасыр жыры» кітабына еніп, алтын қорда сақталған.

  • 25.04.2022
  • 215
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика