• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Этномәдени бірлестіктерге ерекше миссия жүктеліп отыр

Бүгін, 25 сәуірде Алматы қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, этно бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары және белсенді жастар қатысты.

Кездесу барысында этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жаңғырту мәселелері талқыланды.

Министр Асқар Омаров өз сөзінде аталған жұмыстар Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында атқарылатынын және аталмыш құжатта бірқатар саяси өзгерістер көрініс тапқанын жеткізді.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілетті органда өкілдік етуін атап өткен жөн. Саяси мәдениетте аталған ауқымды өзгерістер мемлекетті басқару процесіне азаматтарды кеңінен тартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл, өз кезегінде, қуатты парламенттік мәдениеті мен ықпалды халық қалаулылары бар жаңа Қазақстанның негізі болмақ. Сонымен қатар партиялық жүйе үшін мүмкіндіктер кеңейтіледі, сайлау заңнамасы жетілдіріліп, азаматтық қоғам институттары мен БАҚ рөлі арта түседі», - деді Министр.

Сөз барысында А.Омаров қоғаммен байланысты арттырудың маңыздылығын айта келе «Ұлттық құрылтайдың» өзектілігіне тоқталды.

«Бұл азаматтық институт Ұлттық қоғамдық кеңесіті алмастырады және оның құрамына белді де белгілі қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен барлық өңірлердің өкілдері кіретін болады. Азаматтық қоғаммен байланыс біздің мекеменің құзыретіне кіретіндіктен «Ұлттық құрылтайдың» басым бөлігін біздің әріптестер, сондай-ақ осы залда отырғандар да құрайтын болады», - деп мәлімдеді А.Омаров.

Сөзін қорытындылай келе Министр мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуы үшін аталған абыройлы қызмет өз жалғасын табатынына және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы бағыттағы жұмысты бірлесіп үйлестіруге әзір екендігін жеткізіп, барлық қатысушыларды алдағы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

 

 

  • 25.04.2022
  • 250
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика