• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 1,4 млн-ға жетті, - Т.Жақсылықов

Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту туралы баяндады.

ҰЭМ деректері бойынша, 2015 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму серпіні оң нәтиже көрсетіп отыр.

«ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 7,9%-ға артып, 34,7%-ға жетті. ШОК өнімдерін шығару 2 есеге жуық артып, номиналдық мәнде
29,7  трлн теңгеге жетті. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің жалпы саны 15,2%-ға артып, 1,4 млн субъектіге жетті. ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10,6%-ға артып, 3,5 млн адамға жетті», - деді Т.Жақсылықов.

Бірінші вице-министр Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ШОК-ты қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары ұсынылатынын атап өтті. 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралымен қамтылған кредиттік портфель 57%-ға артып, 3,4 трлн теңгені құрады.  

2021 жылы  Үкімет пандемия кезінде басталған дағдарысқа қарсы шаралар кешенін іске асыруды жалғастырды. Оның ішінде экономиканың зардап шеккен секторына кредит беру; шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне барып тексеру жүргізуге үшжылдық мораторий; зардап шеккен салалардағы ШОК субъектілері кредиттерін кейінге қалдыру; салықтық жеңілдіктер бар.

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында жедел шаралар қабылданды.

«Бүгінгі күні қаңтар оқиғаларының нәтижесінде, алдын ала деректер бойынша 1 630 ШОК субъектісі зардап шеккен. Шамамен 38,6 млрд теңгеге залал келтірілді. Бүгінгі күні 1 491 ШОК субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд теңгеге төлем алды», - деді Жақсылықов.

Бірінші вице-министрдің сөзінше, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру проблемаларының бірі қолайсыз реттегіш жүйе және шектен тыс әкімшілік жүктеме. Аталған проблеманы шешу үшін 2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы ҚР-да кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа Реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.

Бизнеске арналған талаптарды қайта қарау жұмысы екі кезеңде жүргізіледі.

2022 жылғы бірінші жартыжылдықта төрт басым салада реттеушілік талаптарды қайта қарау жоспарлануда. Бұл сауда қызметі, көлік, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру және тұру қызметі. Аталған салада ШОК субъектілерін қамту шамамен 60%-ды құрайды.   

2022 жылғы екінші жартыжылдықта және 2023 жылы денсаулық сақтау, құрылыс, өнеркәсіп және басқа да саладағы бизнеске қойылатын талаптарды қайта қарау қамтамасыз етіледі.

«Кәсіпкерлік қызметті реттеудегі жаңа тәсілдерді іске асыру бизнеске жүктемені түбегейлі азайтуға мүмкіндік беріп, жаңа экономикалық шындық жағдайында іскерлік белсенділікті дамытуға серпін береді»,  деді Жақсылықов.

Қолдаудың тағы бір құралы Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы болады, оның аясында нарықтың жекелеген қатысушыларына әділетсіз артықшылықтар беретін заңнамалық және реттеуші актілердің күшін жою; ШОБ үшін реттеушілік кедергілерді қысқарту; шектеулі бюджет ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін жеке тұлғалар алдында ұжымдық пайданың басымдығын қамтамасыз ету; жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған бизнес үшін сапалы өнеркәсіптік, инновациялық және креативті инфрақұрылымның артық ұсынысын жасауды ынталандыру; бизнестің есептілігін автоматтандыру және рұқсат беру құжаттарының санын қысқарту көзделіп отыр. Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет Шағын және орта кәсіпкерлік тұжырымдамасында ұсынылған тәсілдерді қолдады.

 

 

  • 26.04.2022
  • 232
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика