• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров Вашингтонда Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының өкілдерімен кездесті

ҚР Ұлттық экономика министрі және Қазақстаннан Дүниежүзілік Банк басқарушысы Әлібек Қуантыров үкіметтік делегация құрамында Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы көктемгі кездесулеріне қатысты.

ҰЭМ басшысы Еуропа және Орта Азия өңірі бойынша ДБ вице-президенті Анна Бъердемен жұмыс бабымен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан мен Дүниежүзілік Банктің одан әрі ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. Министр елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған реформалар туралы айтып берді. Өз кезегінде Бъерде ханым Қазақстанның бұл бағыттағы іс-әрекетін жоғары бағалады.

Сондай-ақ, А.Қуантыров ДБ-ның адам дамуы жөніндегі вице-президенті Мамта Муртимен, ДБ-ның әлеуметтік қорғау және еңбек мәселелері жөніндегі жаһандық директоры Михаль Рутковскимен және халықаралық қаржы корпорациясының вице-президенті Стефани фон Фридебургпен келіссөздер жүргізді.

Атап айтқанда, кездесуде экономиканы әртараптандыру, жұмыспен қамту, адами капиталды дамыту және әлеуметтік теңсіздік проблемалары қозғалды.

Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрі Дүниежүзілік Банктің климаттың өзгеруі жөніндегі бағдарламалары туралы айтып берген ДБ-ның инфрақұрылым жөніндегі өңірлік директоры Чарльз Комьемен кездесті. Қуантыров атап өткендей, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді жоспарлай отырып, «жасыл» жобаларға көп көңіл бөледі.

Вашингтонға жұмыс сапары аясында Мемлекеттік департамент пен АҚШ Қаржы министрлігінің өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді. Кездесуге қатысушылар әлемдік нарықтағы ағымдағы жағдайды талқылады. Әлеуметтік-экономикалық жағдай үшін туындайтын тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында Қазақстан бірқатар дағдарысқа қарсы, оның ішінде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдап жатқаны атап өтілді.

Сондай-ақ, американдық сыртқы саясат кеңесінің мүшесі Маниша Сингхпен, Брукингс институтының бас экономисі Дэвид Доллармен және ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесулер өтті.

Дүниежүзілік банк пен ХВҚ-дан басқа, қазақстандық делегация Американың жетекші экономистерімен кездесті. Кездесуде ҚР мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды, әсіресе жаңа сын-қатерлер жағдайында нығайту мәселелері қаралды. Сарапшылар шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған Қазақстанның экономикалық көрсеткіштерімен егжей-тегжейлі танысты.

  • 26.04.2022
  • 224
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика