• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстарды күшейтуді тапсырды

Бүгін, 26 сәуірде өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен аппарат жиыны өтіп, онда өрт қауіпсіздігі және алдағы суға түсу маусымына дайындық, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жиында Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов өрт қауіпті кезеңге дайындық және шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы баяндама жасады. 

Оның айтуынша жыл басынан бері облыс аумағында 60 өрт оқиғасы тіркеліп, екі адам қаза тапқан. 2020-2021 жылдары облыс аумағында орманды дала өрттері тіркелмеген. Биыл мамыр айынан бастап өрттің шығу қаупі жоғары маусым аяқталғанға дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ облыс аумағында өрт ошақтарының координаттары туралы жедел ақпаратты ұсына отырып, ғарыштық мониторинг жүргізіледі.

Төтенше жағдайлар департаменті басшысының айтуынша 2022 жылдың басынан бері Маңғыстау облысында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 1 адам қаза тапты. 

Жүргізілген талдау нәтижесінде суда қаза табудың негізгі себебі қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан болып отыр. Атап айтқанда тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда және суға мас күйінде  шомылу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырушы ата-аналардың жауапсыздығы қайғылы оқиғаларға себеп болуда. 
Қазіргі уақытта шомылуға 6 тыйым салынған және 38 рұқсат етілген  учаске анықталды. Дәлірек айтсақ, Ақтау қаласында 21, Түпқараған ауданында 5, Қарақия ауданында 12 орын бар. 

Өңір басшысы адам өлімінің алдын алу шараларын күшейтуді, суға түсудің маусымы басталғанға дейін қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша халыққа  түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Отырыстың күн тәртібіндегі келесі мәселе – облыстағы кәсіпкерлік және сауда басқармасының шағын және орта бизнесті дамытудағы қызметі туралы болды. 

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1228 қатысушы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Олардың 202 қатысушысы немесе барлық оқыған қатысушылардың 16,4% өз жобаларын қорғап  1 млрд. тг. қаражатқа несие алып, кәсіп бастаған. Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы аясында 501 қатысушы гранттық қолдауларға ие болған. Жұмыс нәтижесінде 700-ден астам жұмыс орыны ашылды. 

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлініп 1500 астам кәсіпкерге немесе кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға сервистік қызметтер көрсетілді. Нәтижесінде 200 жұмыс орны ашылды. 

Аппарат жиынында үкіметтік емес ұйымдарды қолдау арқылы азаматтық қоғамды дамыту мәселесі де көтерілді. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырып, олардың жұмысы барлық санаттағы азаматтарға тиімді әсер ететінін айтты.

  • 26.04.2022
  • 212
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика