• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрі «Ауыл - Ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы туралы айтты

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы туралы баяндады.

ҰЭМ басшысы өз сөзінде «Ауыл - Ел бесігі» жобасының мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылатынын атап өтті.

«Жалпы санынан даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл таңдалды, оларда ауыл тұрғындарының 89%-ы тұрады. Оның ішінде 1 171 тірек және 2 368 спутниктік ауылдар. Оларды дамыту бірінші кезектегі мәселе ретінде жүзеге асырылуда», - деді министр.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, 2019-2021 жылдары 206 млрд.теңге бөлініп, 2,6 мыңнан астам жоба іске асырылды. Бұл 250 тұрғын үй-коммуналдық, 676 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын және 1,7 мыңнан астам көлік инфрақұрылымы объектілерін жаңғыртуға мүмкіндік берді.

«Биыл 914 жобаны жүзеге асыруға 100 млрд теңге бөлінді. 492 ауылды қамту жоспарлануда. Бұл қаражат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 95 жобаны, 313 әлеуметтік инфрақұрылым және 506 көлік инфрақұрылым жобасын іске асыруға мүмкіндік береді», - деп нақтылады ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында батыс және оңтүстік облыстарға 20 млрд теңге бөлу жоспарланған. Мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлер, спорт нысандар және т.б. әлеуметтік нысандарды салу, қайта құру және жөндеу бойынша жобалар таңдалды.

«Жалпы, үш жылда жобаны іске асыруға 206 млрд теңге бөлінді. Ауылдық жерлердегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу үшін алдағы 4 жыл ішінде тағы 670 млрд теңге бөлінеді. Бұл 3,5 мыңнан астам ауылда 7 млн ауыл тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Қуантыров.

Өз кезегінде депутаттар Үкіметтен «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру тәсілдерін өзгертуді, атап айтқанда, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау және әрбір көрсеткішке нақты орындаушыны бекітуді ұсынды.

Сондай-ақ, халық қалаулылары алдағы екі жылда тірек ауылдарды жобалармен толық қамтуды бірінші кезектегі мәселе ретінде қамтамасыз етуді ұсынды.

Бүгінгі күні Министрлік Өңірлік стандарттар жүйесін қайта қарауда, онда стандарттармен қамтамасыз ету тетігін бағалауды, сондай-ақ сандық және сапалық көрсеткіштерді қамтитын жаңа тәсілдер айқындалатын болады.

Ұлттық экономика министрі Мәжіліс депутаттарының ұсыныстары ескерілетіні туралы айтты.

  • 27.04.2022
  • 211
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика