- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2022 ж. 28 сәүip – 03 мамыр аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,15 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,78 м-ден 28,65 м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,50 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,05 м-ден 29,03 м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2022 ж. 21-27 сәүip аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы, Тюлений аралы (Росгидромет)) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,44 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,96 м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,76 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,51 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,06 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,08 м-ге сәйкес келді.
2022 ж. 26 сәүip ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті
(«NASA» жобасының суреті)
- 29.04.2022
- 162