- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Оңдасын Оразалин Чехия елшісімен кездесті
29 сәуір күні Ақтөбеде облыс әкімі Оңдасын Оразалин Чехия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рудольф Гиклмен кездесті.
Кездесуде Ақтөбе облысы мен Чехия өңірлері арасындағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
"Ақтөбе облысы көптеген шет елдермен тығыз қарым-қатынасты орнатуда және біз үшін Чехия Республикасымен байланысымызды нығайту ерекше маңызға ие. Биыл Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 29 жыл толды. Осы жылдар ішінде экономикалық, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастарымыз арта түсті және бұл кездесу осыған дәлел", - деп атап өтті облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Өңір басшысы екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардағы тұрақтылықтың арқасында Ақтөбе облысы мен Чехия Республикасы арасындағы тауар айналымының деңгейі соңғы жылдары оң көрсеткіштерге ие екенін атап өтті. Атап айтқанда, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Чехияның тауар айналымы 8,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
- 29.04.2022
- 167