• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында гидрогеолог мамандарын даярлауға гранттар бөлінеді

Бүгін, 4 сәуірде облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен аппарат жиыны өтіп, онда биылғы оқу жылындағы ҰБТ-ға дайындық және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ облыста гидрогеологияны дамыту перспективалары талқыланды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Қызылғұлованың айтуынша, қазіргі таңда облыстағы 143 мектептің 1-10-сыныптарында 155 127 оқушы білім алуда, биыл оның 73 пайызы жазғы демалыспен қамтылады деп жоспарлануда. Балалардың демалысын ұйымдастыру үшін 239 сауықтыру орны жұмыс жасайтын болады

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев балалардың сапалы демалысын ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

  Жиында қаралған екінші мәселе бойынша «Батысқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінің Маңғыстау өңірлік инспекциясының басшысы Алмагүл Келбет баяндады. 

  Оның айтуынша, облыс аумағында барлығы - 258 кең таралған пайдалы қазбалар өндіретін карьер бар. Оның ішінде 221-нің өндіріс жұмыстарын жүргізуге толық мүмкіндігі бар, алайда 2020 жылдың есебі бойынша олардың 103-інде карьер жұмыстары мүлдем жүргізілмеген. Оның басты себебі - жұмысшылардың жетіспеушілігі. 

Жергілікті тұрғындардың карьерлерде жұмыс жасауға қызығушылық танытпауының бірден-бір себебі - әлеуметтік пакеттердің қарастырылмағандығы, кенорын басында тұрмыстық жағдайдың жоқтығы, мұнайшылармен салыстырғанда жалақының төмендігі.

  Одан кейінгі өңірдегі ең өзекті мәселенің бірі – ауыз су тапшылығы. Бұл мәселені шешу үшін Алмагүл Келбет өз ұсыныстарын айтты.

  -Ауыз су мәселесін шешу үшін магистральды құбырлар тарту, суды тұшыту станцияларын тиімді орналастыру және жер асты суын барлап, қолданысқа беру қарастырылса.  Сондай-ақ облысты сумен қамтамасыз ету, оны тиімді пайдалану және болашаққа қор есептеп, жүйелі түрде бақылау үшін – аймақ бойынша мамандандырылған гидрогеологиялық су шаруашылығы мекемесі  құрылса, сонымен қатар өңірде су шаруашылығымен айналысатын гидрогеолог мамандар жоқ. Соны ескере келе әр ауданнан озат оқушыларды іріктеп, гидрогеолог мамандығына гранттар бөлінсе деген ұсынысым бар,-деді Алмагүл Келбет. 

Аймақ басшысы өз кезегінде айтылған ұсыныстардың өңірдегі ауыз су тапшылығын жою бойынша ағымдағы іс-шаралар жоспарына негіз бола алатынын айтты.

– Карьерлерді игеру оңай шаруа емес, бірақ онда шетелдік жұмыс күшін пайдаланбай, жергілікті тұрғындарды тарту керек. Мигранттар көбінесе бейресми жұмыс істейтіндіктен, олардың құқығы қорғалмайды. Ал тиісті органдардың міндеті – заңсыз еңбек күшін пайдалану фактілерінің алдын алу. Екінші ұсынысқа келсек, су шаруашылығы, жер асты сулары мәселелерімен айналысатын мемлекеттік орган құруды қолдаймын. Бұл салада кадр даярлау мәселесін шешу үшін гидрогеологияны меңгергісі келетін мектеп түлектеріне де қолдау көрсетуге дайынбыз,-деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі білім басқармасына гидрогеолог мамандарды даярлауға Маңғыстау облысы әкімдігінің мемлекеттік гранттарын беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырып, бұл саланың өңір үшін өте маңызды және өзекті екенін атап өтті.

  • 04.05.2022
  • 270
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика