- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Ақтөбе облысының әкімі өңірді аралауды жалғастыруда
5 мамыр күні өңір басшысы Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Қобда және Ойыл аудандарын аралады.
Жұмыс сапары Бестау ауылына кіреберіс жолдың орташа жөнделуімен танысудан басталды. Жолдың ұзындығы - 13,1 шақырым. "Қазстроймагнум" ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдері жұмыстар жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын және қазан айында аяқталатынын хабарлады. Сонымен қатар, облыс әкімі қыркүйек айында аяқталатын аудандық маңызы бар "Қобда - Сарыбұлақ - Абдыбұлақ" автомобиль жолындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Айта кетейік, Қобда ауданында Сарыбұлақ, Терісаққан және И.Білтабанов атындағы ауылдарының кірме жолдары да жөнделуде, 8 ауылішілік жолдар жаңартылады. Кейін халықпен кездесу өтті. Өңір басшысы аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, олардың сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ Оңдасын Оразалин "Б.Е.К." ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі мен BS Agro шаруа қожалығына барып, көктемгі егіс жұмыстарына соңғы әзірліктермен танысты. Айта кетейік, ағымдағы жылы Қобда ауданындағы егіс алқабы 49,6 мың гектарға дейін кеңейтілді. Өткен жылы мұнда 35,7 мың га. жер егілген болатын. Аудан шаруаларымен кездесуде облыс әкімі оларды барлық толғандыратын мәселелер туралы ашық айтуға шақырды.
- 06.05.2022
- 273