• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда “Жыр жүйрігі - Қашаған” кітабының тұсауы кесілді

6 мамыр күні «Жыр жүйрігі – Қашаған» атты академиялық жинақтың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 
 
Маңғыстау облысының әкімдігі мен Yessenov University ұйымдастырған шараға өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, ұстаздар, профессорлар, мәдениет және өнер саласының өкілдері, студенттер қатысты. 
 
Жиында тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев Қашаған ақын Күржіманұлының шығармашылығына тоқталды. 

Сонымен қатар Қашаған Күржіманұлының аталас ұрпағы, Маңғыстау облысы мен Қарақия ауданының құрметті азаматы, «Құрметті ҚР жер қойнауын барлаушы» Тұрсынғали Көшенов ақын туралы естеліктермен бөлісті. 

Қашаған Күржіманұлы өз заманында елдік пен ерлікті, халықтың дастандарын, көне тарихын дәріптеген жырау, халық ақыны. 

Шежіре мен естелікке толы кеште Тұрсынғали Көшенов пен ақын Светқали Нұржан жаңа кітап «Жыр жүйрігі – Қашаған» атты академиялық жинақтың тұсауын кесті.

Жаңа жинақ Алматыдағы «Қазақ кітабы» баспасынан 2000 данамен басылып шыққан. Кітаптты Есенов университетінің аға оқытушысы, қазақ тілі мен әдебиеті магистрі, PhD докторант, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бақтыбай Жайлауов құрастырған. 

Салтанатты шарада сиясы кеуіп үлгермеген кітаптың алғашқы даналары құрметті қонақтарға таратылды. 

– 180 жыл бойы халықтың үні болған ақынның өлеңдері – өз заманында да, қазір де зор маңызға ие. Ақын шығармаларының мән-мағынасы күні бүгінге дейін өзекті, сонымен қатар көптеген жыршылар мен әншілердің шығармаларына арқау болып отыр. Бұл - ұрпақтар сабақтастығы. Әр кез қазақ халқының ұлы ақындарының шығармашылық кештерін ұйымдастыру - олардың есімін ұлықтауға, жастардың тарихқа деген сүйіспеншілігін арттыруға мүмкіндік береді, - деді Нұрлан Ноғаев.

Шара соңында қаламгерлер Сабыр Адай мен Светқали Нұржан және ардагер Өмірзақ Озғанбаевқа «Yessenov University Құрметті Профессоры» академиялық атағы салтанатты түрде табысталды.

  • 06.05.2022
  • 269
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика