• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында алты соғыс ардагері тұрады

Маңғыстау облысында алты соғыс ардагері қалды. Оның төртеуі Ақтау қаласында тұрса, екеуі Бейнеу ауданында тұрады,- деп хабарлайды Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы

Солардың бірі, Асан Аймагамбетов 1925 жылы дүниеге келген. 1943 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Маршал Рокоссовскийдің басшылығымен 2 және 4 Украин майдандарында соғысып, Берлинді алуға қатысқан. 1948 жылы әскерден оралды. «Берлинді алғаны үшін», «Отан соғысы2» ордерімен «3 дәрежелі Даңқ» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Бисен Боқаев  1923 жылы дүниеге келген.
Ұлы Отан Соғысының қатысушысы.
1942-1944 жылдар аралығында шекара әскерінде қызмет атқарған. 1944 жылдың сәуір айынан бастап 2-ші Украин майданында соғысты, Яссы – Кишинев операциясына және Бессарабия мен Румынаны азат ету ұрысына қатысқан. Соғыстан кейін шекара әскерлерінде қызет етті. 1949 жылы әскерден босатылды.
«Қызыл Ту», «2 дәрежелі Отан соғысы», «Жауынгерлік еңбегі үшін» ордендерімен марапатталған, бейбіт күндері  «Парасат», «Құрмет» ордерімен, «Ерен  еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен,  Қазақ Социалистік Республикасы Жоғары Кеңесінің грамотасымен марапатталған.

Заривняк Ольга Платоновна 1927 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысының қатысушысы. 2015 жылы  Донбастағы жауынгерлік іс – қыймылдарға байланысты өз қаласын тастап, Ақтау қаласына немересіне келген. Бүгінде  Ақтау қаласының тұрғылықты тұрғыны. 
Ольга Заривняк  соғыс басталғанда  14 жаста еді. Жас болғанына қарамастан ол  Брест облысындағы туған қаласы Клещелидің партизан отрядының құрамында болды. Ол маңызды ақпарат жіберумен қатар, жараланған сарбаздарға көмек көрсеткен. 

Салазкин Василий Иванович 1927 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысының қатысушысы. 1941-1945 жж, 1 Қиыр Шығыс майданында соғысқан, кіші сержант. Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін» ордерімен «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медалімен марапатталған.

Екі соғыс ардагері Бейнеу ауданында тұрады. Солардың бірі Алуадин Орақұлы. Майдангер 1925 жылдың  25 наурызында Гурьев облысы, Жылой ауданы, Аманкелді ауыл советінде туылған. 1942 жылы VII – сыныпты бітіріп, 15.01.1943 жылы армияға алынған. Сол жылы Курск шайқасына қатысып аяғынан жаралы болып ІІ-топтағы Отан соғысының мүгедегі болып елге келген. Келгеннен кейін Аманкелді, А.И.Микоян, В.И.Ленин атындағы колхоздарға бас бухгалтер болған. Осы үш Колхозда бас бухгалтер болып жүріп, Колхозпартия ұйымының хатшысы болып сайланған.  1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысында көрсеткен ерлігі үшін бірнеше медальдармен марапатталған.

Сәуірбай Базарбаев Маңғыстау ауданы, Жармыш селосы 1925 жылдың  5 мамырында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына Маңғыстау облысынан 1943 жылы аттанған. II-Беларусь майданында, Польша елінде Кенинсберг қаласын азат етуге қатысып, 3 рет жараланған. «Беларусь Республикасын азат еткеніне 60,65 жылдық» медалімен, II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және т.б медальдармен марапатталған. Ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы саласында қызмет еткен.

  • 11.05.2022
  • 229
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика