• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Төрт айда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% құрады

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды. ҰЭМ басшысы өз сөзінде ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларындағы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% құрағанын атап өтті. Аталған есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімінің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторында тұрақты динамика байқалуда. «Нақты сектордағы өсім 5,1%-ды құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ға дейін ұлғайды», - деді министр. Оның айтуынша, салалар арасында көлік және қоймалау, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 2,3%-ды құрады. 2022 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 45,3%-ға өсіп, 28,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Экспорт бойынша көрсеткіш 65,8%-ға өсіп, 19 млрд АҚШ долларынан асты. Тауарлардың импорттық көрсеткіші - 9,5 млрд АҚШ доллар. Жалпы, оң сауда балансы 9,6 млрд АҚШ долларын құрады. «Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында өндіріс көлемі 5,8%-ға өсті. Барлық өңірлерде оң өсім байқалды. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Атырау және Жамбыл облыстарында байқалуда», - деді Ә.Қуантыров. Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 9,4%-ға, оның ішінде автомобиль жасаудың 18,6%-ға, компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі – 13,3%-ға, құрылыс материалдары – 9,5%-ға, дайын металл бұйымдары – 10,8%-ға, фармацевтика өнімдері – 6,4%, киім – 13,8%-ға дейін серпінді өсуі қамтамасыз етілді. «Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,4%-ға ұлғайды. Салалар бөлінісінде өсім тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде 16,9%, газ өндіруде 6,4%, шикі мұнай өндіруде 5,0%, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде 4,2%, металл кендері 1,8% және көмір өндіруде 1,7% құрады», - деді ведомство басшысы. 2022 жылдың 4 айында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9,5%-ға өсті. 3,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығында есепті кезеңде жалпы өнім шығару 1,9%-ға ұлғайды. «Барлық көрсеткіштер бойынша 6 өңірде – Ақмола, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында оң өсім байқалады», - деп түйіндеді министр.

  • 13.05.2022
  • 277
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика