• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы Павлодардың электр станцияларында болды

2022 жылғы 13 мамырда ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп, Павлодар қаласының электр станцияларына: «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның Павлодар ЖЭО-1, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның ЖЭО-2 және ЖЭО-3 объектілеріне барды.

 

 «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның Павлодар ЖЭО-1 орталығы ERG (Еуразиялық Топ) құрамына кіреді, 1964 жылы пайдалануға берілді, станцияның белгіленген электр қуаты – 350 МВт, жылу қуаты – 1 182 Гкал/сағ.

 

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның екі жылу электр орталығы «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ (ОАЭК) тобына кіреді:

 ЖЭО-2 1961 жылы пайдалануға берілді, станцияның белгіленген электр қуаты – 110 МВт, жылу қуаты – 332 Гкал/сағ;

ЖЭО-3 1972 жылы пайдалануға берілді, станцияның белгіленген электр қуаты – 555 МВт, жылу қуаты – 1 154 Гкал/сағ.

 

Аталған электр станцияларының техникалық жай-күйі қатты тозған. ОАЭК келесі жылыту маусымына дайындық шеңберінде жөндеу жұмыстарына қаражат бөлді:  ЖЭО-2 – 2 млрд.89 млн. теңге, ЖЭО-3 – 2 млрд. 88 млн. теңге.

 

Объектілерді аралау барысында ЖЭО-3-тегі ескі  түтін мұржасының орнына               2 млрд.134 млн. теңге сомасына жаңа түтін құбырының құрылысы тексерілді. Салынып жатқан құбырдың жалпы биіктігі 180 метрді құрайды.

 

Кәсіпорын мамандарының айтуынша, жаңа құбырды пайдалануға беру жұмыс істеп тұрған құбырға жүктемені азайтуға және ескі құбырды кезең-кезеңімен пайдаланудан шығаруға мүмкіндік береді.

 

Объектілерді аралағаннан кейін ҚР Энергетика министрлігі, Павлодар облысы әкімдігі өкілдерінің және станция басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

 

Кеңес барысында жылу желілерінің қатты тозуы, сондай-ақ магистральдық және орамдық жылу желілерін пайдалану және жаңарту үшін бөлінетін қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі сапалы жылумен жабдықтаудың негізгі проблемасы болып табылатыны атап өтілді.

 

Павлодар облысының әкімдігі қаланың оңтүстік бөлігінде жылудың жетіспейтіндігін және ұлғайған жылу жүктемелерін жабу үшін ЖЭО-1 кеңейту қажеттілігін атап өтті.

 

Электр станцияларының басшылығы экологиялық заңнамаға сәйкес зиянды заттардың шығарындыларын мониторингілеудің автоматты жүйесін және түтін газдарын тазартудың жаңа технологияларын енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілді. Сондай-ақ кеңесте ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті бөлінетін қаражатты ұлғайтып, жұмысшылардың еңбекақысын арттырудың маңыздылығы айтылды.

 

Энергетикалық кәсіпорындарды алдағы жылыту маусымына тиісті сапамен дайындау ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тұрақты бақылауында.

  • 13.05.2022
  • 188
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика