- Блогтар
- Қамбаров Қ.Т.
Қамбаров Қ.Т.
ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы
Серік Егізбаев елорданың жас жұбайларына неке қию туралы куәлікті табыстады
2022 жылы 13 мамырда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев Халықаралық Отбасы күні қарсаңында елорданың жас жұбайларына неке қию туралы куәліктерді тапсыру рәсіміне қатысты, іс-шараға қатысушыларды құттықтап, оларды қазақстандық отбасыларды қолдаудың мемлекеттік шаралары туралы хабардар етті, сондай-ақ «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының басталғаны туралы хабарлады.
«Отбасыда құрмет пен махаббат, мейірімділік пен еңбексүйгіштік, жауапкершілік, адалдық пен әділдік сияқты басты қасиеттер қалыптасады. Жақсы отбасылық дәстүрлер бізді қоршаған әлемге, аға ұрпаққа, балаларға ұқыпты қарауға тәрбиелейді», - деді С.Егізбаев.
- 16.05.2022
- 225