- Блогтар
- Қамбаров Қ.Т.
Қамбаров Қ.Т.
ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Конкурс екі кезеңде өтеді: бірінші – аудандық (қалалық) кезең, екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса, арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға 2022 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.
Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.
Толығырақ
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P140000018
- 16.05.2022
- 258