• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда жыл басынан бері 247,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында 247,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Айнұр Манкешова хабарлады. 

Спикердің айтуынша, қазіргі таңда өңірде  бірнеше үйдің құрылысы жүріп жатыр. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында 72 пәтерге арналған 3,9 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы ағымдағы жылдың 3 тоқсанында тапсыру жоспарлануда.  

-Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 1 млн. 50 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Атап айтсақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша 45 000 шаршы метр, коммерциялық тұрғын үйлер 602 000 шаршы метр, жеке тұрғын үйлер 403 000 шаршы метр болмақ. Несиелік тұрғын үй бағыты бойынша 1035 пәтерге арналған 65,3 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 2022 жылы қаражат толығымен қарастырылған жағдайда 819 пәтерді (50,4 мың шаршы метр) аяқтау жоспарлануда және жобаның ЖСҚ өзгерістер енгізілуіне байланысты 216 пәтерге арналған тұрғын үй құрылысы 2023 жылға өтпелі. Жалпы, Ақтау қаласының 19а шағынауданындағы 432 пәтерлік тұрғын үйлер құрылысы жүріп жатыр. 22,434 мың шаршы метрді құрайды, - деді  Айнұр Манкешова.

Сондай-ақ, «АҚҚУ» шағынауданының 3-кезегі салынып жатыр.  227 пәтерлік тұрғын үй құрылысы 17,056 мың шаршы метрді құрайды. Жаңаөзен қаласында 160 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй салынуда.  Ақтау қаласының 18-ші ықшам ауданында 216 пәтерлік 9 қабатты 4 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Жобаның ЖСҚ өзгерістер енгізілуіне байланысты 2023 жылға өтпелі.
 
Бұдан бөлек, басқарма өкілі инженерлік желілер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Спикердің айтуынша, ағымдағы жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына орталық мемлекеттік органдармен 16 жобаның іске асырылуы мақұлданып, 10 жоба бойынша мердігер мекемелер анықталып құрылыс монтаждау жұмыстары (СМР) жүргізілуде.

 -Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы жаңа тұрғын үйлерді электр желісімен қамту құрылысы; Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер үшін газбен жабдықтау желілерін салу, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Шапағатов ауылында жаңа тұрғын үйлерді газбен жабдықтау құрылысы (973 уч.), Ақшұқыр аулының тұрғын үйлеріне электр желісін (1241 телім) құрылысын жүргізу жұмыстары;  Маңғыстау ауданы Қызан ауылынан тоқ және газ желілерінің құрылысы; Ақшұқұр ауылы, Кезбаев, Қазиев, Бекжанова, Әбілқайыр көшелеріне 1, 2, 5 кварталдарын газ желісімен қамту құрылысы бар,-деді Айнұр Манкешова.

  • 18.05.2022
  • 266
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика