• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ВЕБ-САЙТТЫҢ QR-КОДТАРЫ БАР ТАҚТАЙШАЛАР ОРНАТЫЛАДЫ

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы аясында «Bala Qorgau» интернет-ресурсын іске қосты. Енді мектептерде QR-коды және «Bala Qorgau» сайтының https://bala.gov.kz мекенжайы жазылған арнайы тақтайшалар орнатылып жатыр.

QR-кодты сканерлеу арқылы оқушылар «Bala Qorgau» сайтына өтіп, өз сұрақтарын қоя алады. Оқушылар мен ата-аналар да жасырын түрде көмек сұрап, білім беру ұйымдарындағы заңсыз әрекеттер туралы хабарлай алады. Өтініш берушілердің аноним болып қалатынына кепілдік беріледі.

Бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматының бірнеше мектебінде QR-тақтайшалар орнатылды. Алдағы уақытта олар басқа да білім беру ұйымдарында орнатылады. Қазірдің өзінде 100-ден астам өтініш түсті, олар негізінен балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне қатысты.

«Bala Qorgau» сайты оқушылар әрдайым қажетті қолдау мен көмек сұрап, өздерін қауіпсіз сезінулері үшін жасалған. Әртүрлі жағдайларға тап болған балалар көбінесе өзін қалай ұстау және кімнен көмек сұрау керегін білмейді. Олар өздеріне немесе құрдастарына қатысты буллинг фактілерін кімге хабарлау керегін білмейді. Енді оқушылар QR-кодты сканерлеп, бізбен байланыса алады, сөйтіп оларға қажетті консультация, психологиялық көмек көрсетіледі. Веб-сайт оқушыларды толғандыратын өзекті мәселелерді, сондай-ақ балалар құқықтарын бұзу фактілерін тез арада анықтауға көмектеседі. Бұл ресурс оқушылардың және олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді», - деді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Сайтта оқушылар мен ата-аналар белгілі бір жағдайға тап болғанда өзін қалай ұстау керегі туралы кеңестер таба алады. Мысалы, жаңа достар табуға, жаман ортаға тап болмауға және т.б. туралы ақпарат бар. Балалар сұрақты ашық та, жасырын да қоя алады. Ол үшін веб-сайтта өтініш қалдыру керек, кейін кеңесшілер кері байланыс жасап, балалар мен ата-аналарды мазалайтын сұрақтарға жауап береді.

  • 18.05.2022
  • 359
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика