• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында 124 тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылған

Маңғыстау облысында 124 тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылған. Бұл көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысанының артықшылығы «бір кондоминиум – бір есеп шот» қағидаты бойынша жұмыс жасайды,-деп хабарлайды облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаровтың төрағалығымен облыс көлеміндегі көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшу және алдағы жылыту маусымына дайындау мәселелеріне қатысты жиын өтті. Шараға басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері және мүлік иелерінің бірлестігі мүшелері қатысты. 

Басқосуда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев алдымен сөз алып, саладағы маңызды сұрақтарға тоқталды.

Оның айтуынша, Маңғыстау облысы бойынша 1 705 көп пәтерлі тұрғын үй бар. Оның ішінде, 1446-сы жаңа реформаға өтуге жатады. Қазіргі кезде 124 тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылса, 861 жай серіктестік тіркеуден өтті. Бұл көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысанының артықшылығы «бір кондоминиум – бір есеп шот» қағидаты бойынша жұмыс жасайды. 

-Яғни, бір тұрғын үй бойынша жинақталған қаражат сол тұрғын үйге жұмсалады.  Жинақталған қаражатты пәтер иелері өздерінің қалауынша иелік етеді, мақсатты жұмсалуына қадағалау жүргізе алады.  Сондай-ақ тұрғын үйді толықтай өздері басқарады. Мүлік иелерінің төрағасы болып сол үйдің тұрғыны тағайындалады. Төраға жұмысын қадағалау үшін пәтер иелерінен “Үй кеңесі” құрылады. Қазіргі таңда МИБ құру бойынша жоспар Ақтау қаласында ғана орындалмай тұр (70 МИБ/ 89 үй және 435 ЖС немесе  53,4 %)-,деді Бердібек Қартбаев.

Сонымен қатар, жиында өңірдегі әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау жұмыстары талқыланды. Биыл 7,587 шақырым жылу желілерін, 579,9 шақырым электр желілерін, 0,215 шақырым газ желілерін, 3,186 шақырым су желілерін және 0,377 шақырым кәріз желілерін жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары мамыр айынан басталып жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталатын болады.
 
-Ағымдағы  жылдың 14 сәуірінде жылу желілері  мен жүйелеріне температуралық сынақ жүргізілді. Сынақ барысында  45 ақау  шығып, қазіргі уақытта  кемшіліктер  жойылды. Ақтау қаласының жылу желілерін жылыту маусымынан кейінгі жоспарлы жөндеуге дайындау мақсатында 2022 жылдың 23-27 мамыры аралығында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, Ақтау қаласының 20, 28а, 33 ш/а тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында 5 модульді жылу қазандықтарын сатып алу үшін бюджеттен 301,6 млн теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 18 және 32 ш/а-да қуаттылығы 2 бірлік 40 Гкал/сағ модульді қазандық сатып алуды қажет етеді ,-деді Бердібек Қартбаев.
 
Ақтау қаласының 1-6 ш/а жылу желілерін жаңғыртылмақ. Бұл бойынша 1-ші кезеңнің жобасы жасақталып кешеннен тыс сараптамаға тапсырылған. 2-ші кезеңінің ЖСҚ-сын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.
 
Бұдан бөлек, биыл «МАЭК-Казатомөнеркәсіп»  ЖШС алдағы жылыту маусымына 3 бірлік қазандық агрегатын (ТЭЦ-2), 2 бірлік турбо агрегатын  (ТЭЦ-1, ТЭЦ-2), 1 бірлік энергоблок (ТЭС), 6 бірлік дистилляциялық тұщыландыру қондырғыларын (ДТҚ), 6 бірлік қазандықты  жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Өз кезегінде Бекбол Орынбасаров көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа ережелерін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру керектігін атап өтті.

-Аудан және қала әкімдеріне басқарудың бұл нысанына көшу жұмыстарын тез бітіруді, 2022 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік нысандарда және тұрғын үйлерде жоспарланған жөндеу жұмыстарын мерзімінен кешіктірмей орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын,-деді Бекбол Орынбасаров. 

Жиын соңында  қатысушылар  қала бойынша газ, жылу, су жеткізу, кәріз жүйелері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.  Өз кезегінде жауапты тұлғалар тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып, алдағы уақытта да, ашық диалогқа дайын екенін мәлімдеді.

  • 18.05.2022
  • 242
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика