- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2022 ж. 19-24 мамыр аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,12м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,48м-ден 28,66м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,67м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,44м-ден 29,01м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2022 ж. 12-18 мамыр аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,42 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,66 м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,68 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,50 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,05 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,00м-ге сәйкес келді.
- 20.05.2022
- 194