• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алғада ескі көпқабатты үйлер қайта жаңғыртылады

22 мамыр, жексенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Алға ауданында болды. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы бірнеше елді мекенде болып, оларды дамыту және абаттандыру жұмыстарымен танысып, халықпен жүздесті. Алғада облыс әкімі былтыр тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасымен жөнделген үйлерді қарап шықты. 1956-1975 жылдары салынған бес үй жаңғыртылып "өмірге қайта келді". Жөндеу жұмыстарының арқасында үйлердің шатыры, кәріз және су құбырлары, электр жүйесі жаңарды, жертөлесі құрғақ, қасбеті әдемі. Оңдасын Оразалин тұрғындармен тілдесіп, жұмыс сапасына қандай баға беретіндерін сұрады.

"Жөнделген үйде қыстап шықтық, жылы болды. Жақында жауған жаңбыр да зиян келтірмеді, бұрын шатырдың суы ішке ағатын. Үйіміздің осылай өзгергеніне ризамыз",- деді Жеңіс көшесіндегі 10-шы үйдің бір тұрғыны. Биыл екі үйді жаңғырту жоспарда бар. Бұдан бөлек, тағы көпқабатты алты үйді жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындалуда.

"Басқа үйлердің тұрғындары нәтижесін көріп, олардың да үйлеріне осындай жұмыстар жүргізуді өздері өтінуде",- дейді аудан әкімі Нұрбол Ержанов.

Өңір басшысы барлық жұмысты тұрғындармен қатаң түрде келісе отырып, жүргізуді тапсырды. Бұдан өзге, Оңдасын Оразалин аудан орталығын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта күрделі жөнделіп жатқан орталықтандырылған кітапхананың ғимаратын қарап шықты. Сондай-ақ, өңір басшысы "Алға-Самбай" автокөлік жолының орташа жөндеу жұмыстарының және "Нұрсая" мен "Ажар" шаруа қожалықтарының егін салу жұмыстарының барысын қарап шықты. Облыс әкімі Қарағаш ауылдық округінде халықпен кездесті. Ол ауыл тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдап, барлық сауалдарына жауап берді. Үшқұдық ауылында өңір басшысы Желмая және Атамұра көшелеріндегі жолдардың орташа жөндеу жұмыстарын, сонымен қатар, спорт кешенінің құрылыс барысын қарап шықты. Жобалар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. 

  • 23.05.2022
  • 240
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика