• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтті

20 мамыр күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Шараға сала ардагерлері, өңірдегі мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. 

Аймақ басшысы мерекелік кеште облыстың ілгері дамуында мәдениет және өнер қызметкерлерінің рөлі зор екенін айта келе, бүгінгі мерекелерімен құттықтады. 

– Мәдениет – тамыры тереңде жатқан, ұрпақтар сабақтастығының қайнар бұлағына айналған ұлттың рухани болмысы. Өнер – халықтың жаны. Мәдениет – қоғамның қозғаушы күші, мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мәдениет саласына қамқорлық – болашаққа инвестиция. Төл мәдениетті, ұлттық өнерді сақтау және дамыту үшін жағдай жасау мемлекеттің маңызды міндеттерінің біріне айналуы тиіс» деген болатын. Бүгінде облыста мәдениет және өнер саласында 2 мыңнан астам қызметкер еңбек етуде. Мереке қарсаңында баршаңызға тек жақсылық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт тілеймін, – деді Нұрлан Ноғаев.

Биыл облыс аумағында бірнеше мәдени нысандар бой көтеріп, халыққа қызмет етуде. Атап айтсақ, Ақтау қаласында Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапхана ашылды. Оған ілесе, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылында мәдениет үйі мен кітапхана, Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат елді мекенінде жаңа кітапхана, Кендірлі мәдениет үйі ашылып, өз жұмыстарын бастап кетті.
Сонымен қатар Әбіш Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ақтау қаласы және Қазақстан Халықтары Ассамблеясы тарихы» және Маңғыстау мұнайының тарихына арналған жаңа залдар ашылды.

Сондай-ақ осы жылы Сайын Шапағатов ауылында мәдениет үйі мен кітапхана, Құрық ауылында музей құрылысы басталады. Ал 2025 жылға дейін облыста 7 мәдениет үйі, 6 кітапхана 2 музей, 1 театр салынып, 60 мәдениет нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 

Салтанатты шарада мәдениет және өнер қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет  грамотасымен, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және алғыс хатымен, сонымен қатар Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ өнер ардагерлеріне және 60, 70 жас мерейтой иелеріне құрмет көрсетілді. Сонымен қатар “Жыл үздіктері»  марапатталды.

  • 23.05.2022
  • 202
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика