• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

20 мамырда екі күндік жұмыс сапарымен аймаққа келген қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған комиссия Ақтауда орналасқан әскери бөлімдерді аралады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қорғаныс министрімен бірге гарнизонның бірқатар әскери бөлімдерінде болды. Министр ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді. Сондай-ақ, әскери инфрақұрылым объектілерін салу, пайдалану және жөндеудің жекелеген аспектілерін талқылады.

Қорғаныс ведомствосының басшысы гарнизонда орналасқан арнайы мақсаттағы бөлімшелерге ерекше назар аударды. Комиссия жауынгерлік даярлықтың оқу-материалдық базасын, керек-жарақпен, арнайы құралдармен және әскери техникамен қамтамасыз етілуін тексерді.
Министр авиациялық базада әуе техникасының жай-күйімен және жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуымен танысты.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің тұрмыс-тіршілігін тексерді, асхана мен сарбаз казармаларын қарап шықты. Әскери-теңіз базасын аралау барысында қорғаныс ведомствосының басшысы бөлімнің орындайтын оқу-жауынгерлік міндеттер мен проблемалық мәселелер туралы командирдің баяндамасын тыңдады, матростармен қызмет өткеру шарттары туралы әңгімелесті.
Қорғаныс министрлігінің комиссиясы гарнизонның әскери объектілерінің диверсияға және өртке қарсы қауіпсіздігі мәселелеріне, сондай-ақ "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын оқ-дәрілерді сақтауды қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аударды. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі лауазымды тұлғаларға Мемлекет басшысының тапсырмаларын одан әрі іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

  • 23.05.2022
  • 214
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика