- Блогтар
- Дарбаев А.К.
Дарбаев А.К.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
Көкпекті ауданының Көкпекті а. су бұру қызметінің тарифін төмендетілді
Көрсетілген қызмет көлемінің өсіміне байланысты, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес Көкпекті ауданының Көкпекті а. әкімдігінің ШЖҚ «Көкпекті» КМК -ның су бұру қызметіне тарифті өзгертуге бастамашылық жасады.
Осыған байланысты, Көкпекті ауданының Көкпекті а. әкімдігінің ШЖҚ «Көкпекті» КМК -ы тариф бекітуге өтінім берді және оны қарау қорытындысы бойынша Департамент су бұру қызметіне тарифті 2022 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізе отырып, 150,74-тен 138,08 теңге/м3-ке дейін ҚҚС-сыз төмендетті.
Осылайша, Көкпекті ауданының Көкпекті а. әкімдігінің ШЖҚ «Көкпекті» КМК -ның тұтынушылары үшін тариф 12,66 теңге/м3-ке немесе 8,4%-ға төмендеді.
- 24.05.2022
- 222