• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсекеев Ф.Қ.
Сәрсекеев Ф.Қ.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Даму» Қоры түрік серіктестерімен ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға (Түркия) мемлекеттік сапары барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен Түркияның KOSGEB шағын және орта кәсіпорындарды дамыту ұйымы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға (бұдан әрі - Меморандум) қол қойылды.

«Даму» Қоры тарапынан Меморандумға Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева, түрік ұйымы тарапынан KOSGEB Президенті Хасан Башри КУРТ қол қойды.

Қол қойылған меморандум микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету бойынша тәжірибе алмасу, қазақстандық кәсіпкерлер үшін Түркияда B2B іс-шаралар өткізу, сондай-ақ кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша озық тәжірибе мен табысты әдістерді зерделеу мақсатында өзара тағылымдамалар ұйымдастыру арқылы қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруды көздейді.

«Қол қойылған құжат аясында біздің ұйымдар арасында нақты іс жүзіндегі шаруалар жүзеге асырылады. Соның арқасында кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдаудың тиімділігі артады. «Даму» Қоры мен KOSGEB арасындағы институционалдық қатынастар 2011 жылдан басталғанын да айта кету керек. Сол уақыттан бастап түрік әріптестерімізбен белсенді жұмыс істеп келеміз. Мысалы, биыл 20-22 мамыр күндері Нұр-Сұлтанда өтетін қазақстандық өндірушілердің Ulttyq Onim атты дәстүрлі көрмесіне KOSGEB те келеді. Түрік кәсіпкерлері көрме барысында қазақстандық өндірушілермен өзара тиімді ынтымақтастық байланыс орнатуға дайын»,- дейді «Даму» Қоры Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева.

«Мен президенттік қызмет атқаратын KOSGEB шағын және орта бизнесті дамыту ұйымы 1990 жылдан бастап Түркияда ШОБ-қа қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, KOSGEB өзінің институционалдық әлеуетін жақсарту үшін ғана емес, сонымен қатар түрік ШОБ коммерциялық байланыстарын кеңейту үшін халықаралық аренада қызмет етеді. Осы себепті KOSGEB пен «Даму» Қоры тығыз қарым-қатынаста және көптеген жылдар бойы шағын және орта кәсіпорындарға пайда әкелетін қызметті жүзеге асырып келеді. Біз шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы келісімді жаңарта отырып, неғұрлым жемісті әрі тиімді ынтымақтастыққа қол жеткіземіз деп нық сенеміз», - деп атап өтті KOSGEB Президенті Хасан Башри Курт.«Даму» қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева Қазақстан-Түркия бизнес-форумына және түрік бизнесі өкілдерімен бірқатар кездесулерге қатысты.

«Даму» Қоры – Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттің қаржы қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында құрылған ұлттық даму институты. https://damu.kz/ 

KOSGEB – ШОБ секторын дамыту үшін 1990 жылы құрылған шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік ұйым. Ұйымда 88 директораттар мен 104 аймақтық филиалдар, 19 бизнесті дамыту орталықтары, 8 сертификаттау зертханалары бар. 

https://www.kosgeb.gov.tr/

  • 25.05.2022
  • 329
Сәрсекеев Ф.Қ.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы

Сәрсекеев Ф.Қ.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика