- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
17.05.2022 ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Ернар Баспаев Ақмола облысының әкімдігінде азаматтарды көшпелі жеке қабылдауын өткізді
Кезекті облысқа келуі, жергілікті жеріне бару арқылы жағдаймен танысу, азаматтармен Мемлекет басшысы ілгерілетілуіне үлкен назар аударатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында кездесу мақсатында, сондай-ақ басқа да жоспарлы іс-шаралар өткізу үшін жүзеге асырылды.
Жеке қабылдау барысында облыс тұрғындары жұмысқа орналастырумен, зейнетақы төлеумен, жалға берілетін тұрғын үйдің берілуімен, ТҮКШ байланысты мәселелерді көтерді, сондай-ақ бұзылған құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қалпына келтіру мен қорғау, сонымен қатар сот шешімдері бойынша, жер даулары мен проблемалық берешектер туралы шағымдарын айтты.
Барлық жолданымдар тіркелді, олардың қаралуы бақылауға алынды. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына нақтылы тапсырмалар берілді және орындау мерзімдері белгіленді.
Сондай-ақ, өзінің жұмыс сапарының барысында, елдің Негізгі заңына түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының аясында Ернар Баспаев Ақмола облысының жұртшылығымен кездесу өткізді.
Оған азаматтық қоғам, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, саяси партиялардың өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.
Қатысушылар ҚР Конституциясына ұсынылатын өзгерістердің мазмұнын талқылады және алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.
- 25.05.2022
- 220