• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: Коммуналдық қарыздар инженерлік желілерді дер кезінде жөндеуге кедергі жасайды

Бүгін, 24 мамырда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша аппарат жиынын өткізді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

  Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасының басшысы Бердібек Қартбаевтың айтуынша, алдағы жылыту маусымына 474 білім беру, 105 денсаулық сақтау, 156 әлеуметтік нысан, 390 қазандық, сондай-ақ 779,02 шақырым жылу құбырларын, 1712 тұрғын үй нысандарын дайындау жоспарланып отыр. 

Ағымдағы  жылдың 14 сәуірінде жылу желілері  мен жүйелеріне температуралық сынақ жүргізілген. Сынақ барысында  45 ақау  шығып, қазіргі уақытта  кемшіліктер  жойылған. Осы жылдың 23-27 мамыры аралығында жылу желілеріне гидравлиқалық сынақ жұмыстары да жүргізілетін болады.

  -Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарын жылумен жабдықтау үшін қуаттылығы 100 Гкал/сағ қазандықтың құрылыс жобасын мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жеделдетуді қажет етеді.  Сондай-ақ Ақтау қаласының 1-6 ш/а жылу желілерін жаңғырту бойынша бірінші кезеңнің жобасы жасақталып, кешеннен тыс сараптамаға тапсырылды, шығу мерзімі ағымдағы жылдың маусым айында, екінші кезең бойынша ЖСҚ-сын әзірлеу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Су, кәріз желілерін жаңғырту бойынша жобаның ЖСҚ-сы жасақталуда. Жоғарыда аталған іс-шаралар шешімін таппаған жағдайда, алдағы 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде ауқымды мәселелер туындау қаупі бар,-деді Бердібек Қартбаев.

  Бүгінгі таңда коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өтеу мәселесі де өзекті. Мәселен, аталған қызметтер бойынша коммуналдық кәсіпорындардың «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС алдындағы қарызы 2 227,1 млн.теңгені, электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдарға берешек қарызы 2 734,2 млн.теңгені, «Каспий су тұщыту» ЖШС алдындағы қарызы 440,2 млн.теңгені құрайды. 

  Аталған қарыздардың пайда болуының негізгі себептері – электр желілері мен құрал-жабдықтардың ескіруі және электр қуатының шығындалуы, 
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың барлығында дерлік электр қуатын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жоқтығы, сонымен қатар облыстағы МКК-нің басқа өңірлерге қарағанда  электр энергиясын тасымалдау тарифтерінің төмендігі, сондай-ақ аудан мен қалалардағы көшені жарықтандыру жүйесіне жұмсалатын шығындарды бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру.

Бұл ретте аймақ басшысы аталған мәселелерді шешуде мекеме басшыларының жауапкершілігін күшейту қажеттігін айтты.

- Коммуналдық қызметтерді кешіктіріп төлеу - электр желілерін, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жөндеуге кедергі келтіреді. Нәтижесінде апаттық жағдайлар туындауы мүмкін. Тиісінше, уақытында жүргізілмеген жөндеу жұмыстарының құны төтенше жағдай орын алған кезде екі есеге артады. Сондықтан мекеме басшылары бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауы керек, – деді Нұрлан Ноғаев.

Жиында талқыланған мәселелер бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

  • 25.05.2022
  • 261
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика