- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
Қазгидромет күздік бидай өнімділігінің 2022 жылға арналған алдын ала болжамын шығарды
Ағымдағы жылы күздік бидайдың өсуі мен дамуы үшін қолайлы метеорологиялық жағдайлар қалыптасты. Есептік деректерге сәйкес, Қазақстанның оңтүстік облыстарының басым бөлігінде, күздік бидайдың өнімділігі көпжылдық мәнге жуық болады деп болжануда. Алматы облысы бойынша орташа өнімділік 19 ц/га, Түркістан облысында 17,5 ц/га, Жамбыл облысында 15,7 ц/га құрайды.
Айта кетсек, Түркістан облысы бойынша болжам алғаш рет әзірленуде. Биыл Қазгидрометте жаңа болжам әдістемесі бейімделуде.
Оңтүстік облыстар аудандары бойынша түсімділік болжамы "АgroData" — фермерлерге арналған қосымшада қолжетімді (https://agrodata.kz/#/forecasts/drought-productivity).
- 27.05.2022
- 214