- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
О. Оразалин: Әрбір ақтөбелік өзінің референдумға қатысудағы рөлін білуі тиіс
30 мамыр күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың облыстық өкілдігінің қызметтік отырысына қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы ҚР Конституциясына толықтыру енгізуге байланысты өтетін алдағы референдум жайы болды.
Облыс әкімі қоғамдық өкілдік мүшелерін осы күндері аймақ тұрғындары, еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге шақырды.
О. Оразалин: «Әрбір ақтөбелік өзінің референдумға қатысудағы рөлін білуі тиіс. Конституцияға түзету енгізу пакетіне негізгі саяси институттарды құрылымдық өзгертулер кіреді. Облыстың әрбір тұрғыны елдің болашағы, өзінің болашағы, туған-туысқандарының болашағы оның таңдауына байланысты екенін түсінуі тиіс»,- деп атап өтті.
Тұрғындарды сайлаушылар тізімі бойынша референдум туралы ақпараттандыру жұмыстары 20 мамырда басталған. Үйлерге референдумның өтетін күні мен участоктердің мекенжайы жазылған кітапшалар, көшелер мен қоғамдық орындарда агитациялық плакаттар ілінді.
- 31.05.2022
- 226