- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Облыс әкімі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасымен кездесті
Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржановпен кездесті.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов пен Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Баянбек Қырықбаев қатысты.
Кездесу барысында Оңдасын Оразалин облыста пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және айналымға тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Биыл көктемде жалпы көлемі 551 мың гектардан астам 244 ауыл шаруашылығы жерлерінің тізімі жасақталды. Бұл жер телімдері бойынша ҚР Жер Кодексіне сәйкес пайдаланылмай тұрған жер телімдерін жер пайдаланушыларға өз еркімен бас тарту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың басынан бері Департамент тарапынан 42 тексеріс ұйымдастырылып, нәтижесінде 4 мың гектарға жуық алаңда ҚР Жер заңнамасын 27 бұзушылық анықталып, сәйкесінше бұзушылықты жою үшін нұсқамалар берілді. Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасуда және облыс басшылығының тікелей бақылауында.
- 31.05.2022
- 206