• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтті

Бүгін, 31 мамырда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның отырысына қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен аймақ басшысы әртүрлі этно-мәдени бірлестік өкілдері және ардагерлермен, қоғамдық ұйым өкілдерімен бірге мемлекет қайраткері Жалау Мыңбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Одан кейінгі өткен комиссия отырысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева, мемлекеттік саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі Өмірзақ Озғанбайұлы, облыстық комиссияның және жұмыс топтарының мүшелері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, мұғалімдер мен жастар және саяси қуғын сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты. 

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның мүшесі Өмірзақ Озғанбайұлы өз сөзінде комиссияның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Комиссия мүшелері Алматы қаласындағы Президент мұрағатында, Орталық мемлекеттік мұрағатында, Алматы қаласы ПД мұрағатында, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық мұрағат пен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мұрағатында, Маңғыстау облысы ПД мұрағатында, Атырау және Маңғыстау облысы мемлекеттік мұрағаттарында, барлығы 1000-ға жуық істермен танысып, зерттеу жүргізген. 

Қазіргі таңда қолда 786 адамның мәліметі бар. Бұл мәліметтер сараптамадан өтіп жатыр, оның қорытындысы бойынша қуғын-сүргін құрбандар ақталуға ұсынылмақ. Одан бөлек Маңғыстау жерінен өзге өңірлерге көшіп кеткен 1000 босқынның тізімі жасақталып жатыр. Оларды да алдағы уақытта ақтау бойынша жұмыстар жүргізілмек. Зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Жиында сөз алған аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев комиссияның басты міндеттерінің - бірі қуғын-сүргін құрбандарын ақтау екенін айтты.

 -Өткен ғасырдың басында халқымыз ауыр жылдарды бастан өткерді. Аштық пен саяси репрессияда, қуғын-сүргінде арыстарымыз қынадай қырылып, тағдырларына таңба басылды. Халқымыз алапат аштықтың зардабын тартып, салдарынан өсім бірнеше жылға тежелді. Алайда, халқымыз небір зұлмат заманды бастан өткерсе де, рухы сынбады. Тәуелсіздік алғаннан кейін жазықсыз құрбан болған арыстарымызды ақтауға кірістік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін құрылған комиссия солақай саясаттан жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге тиіс. Бұл – мемлекеттің ғана міндеті емес, бүкіл қоғамның парызы»,-деген болатын.
Сол міндет пен парыз бүгінде өз деңгейінде орындалып жатыр. Қадамын анық басып, Жаңа Қазақстанға бет алған біздің болашағымыз баянды болатыны сөзсіз. Еліміз шырқау биікке бет түзеген сайын өткеннен сабақ алып, тарихтың тақсыретті беттерін ешқашан ұмытпамыз,-деді Нұрлан Ноғаев. 

Шара аясында Маңғыстау облысының саяси қуғын-сүргін туралы алғаш қалам тартқан зерттеушілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қарин Ерлан Тынымбайұлының алғыс хатымен және саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерттеуге үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

  • 31.05.2022
  • 226
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика