• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев балалар ауылының тәрбиеленушілерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс әкімі Нұрлан Ноғаев отбасы үлгісіндегі облыстық балалар ауылына барды және облыстың дарынды балаларымен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен аймақ басшысы «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» ММ-де тәрбиеленіп жатқан балалармен кездесіп, оларды бүгінгі мерекелерімен құттықтады.

Онда 28 тәрбиеленуші бар, оның 4-еуі балабақшаға барады, 21-і орта мектепте, 3-еуі колледж студенті. Балалармен тәрбие жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі, оқушылар шығармашылық және спорттық үйірмелерге барады. Балалардың арасында республикалық деңгейдегі спорттық олимпиадалардың жүлдегерлері де бар.

«Жеңістен  жетістікке” атты жиынға республикалық, халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

Биылғы оқу жылында 1332 оқушы облыстық деңгейдегі олимпиадалардың, ғылыми жобалар мен байқаулардың жеңімпазы атанды.

20 оқушы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан, 140 оқушы республикалық деңгейде, 44 оқушы республикалық пәндік олимпиадаларында жеңіспен оралды.

- Құрметті оқушылар, сіздердің жетістіктеріңізге біз қуаныштымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Ел алдында тұрған басты міндеттердің бірі – салауатты, саналы, білімді, парасатты, ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу» деп атап өтті. Осыған байланысты Президентіміздің бастамасымен аталып жатқан “Балалар жылында” баланы қорғау, әлеуметтік қолдау бағытында өңірімізде игі іс-шаралар жүйелі өткізілуде. Сіздер, тәуелсіз еліміздің тарихының жаңа беттерін жазатын жас ұрпақсыздар! Болашақтарыңыз жарқын болсын!,-деді Нұрлан Ноғаев. 

Шара соңында республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалар байқауларының, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың арнайы дипломдарымен, медальдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Одан кейін мектеп командаларына «Үздік ауыл мектебі – 2022», «Үздік олимпиадалық мектеп – 2022», «Үздік олимпиадалық команда – 2022» номинациялары табысталды. 

Айта кетсек, Маңғыстау облысында 18 жасқа дейінгі 314 214 бала бар, ол аймақ бойынша тұрғындардың 42,4% құрайды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес өңірде  40 931 бала балабалалақшаға, 167 385 бала мектепке барады. Оның ішінде 57 мыңнан астамы мектептен тыс ұйымдарға, 31 мыңнан астамы спорттық секцияларға, 37 мыңнан астамы шығармашылық үйірмелерге қатысады.

  • 02.06.2022
  • 228
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика