- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Ақтауда «Қасқырдың Арғы тегі – Қазақ шығар» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
Бүгін, 2 маусымда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Мэлс Қосымбаевтың «Қасқырдың Арғы тегі – Қазақ шығар» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Тұсаукесер рәсіміне аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев, ақынның ұстазы Ағлен Таласбаева, апасы Бибіажар Қосымбай, айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов, ақын Сабыр Адай және т.б. қатысты.
-Бүгін біз осы заманның суырып салма айтыскер ақындарының бірі, Абыл, Ақтан, Нұрым, Қашаған тағы басқа ақын-жыраулардың ізбасары Мэлс Қосымбаевтың жүрек жарды туындысының тұсаукесеріне жиналып отырмыз. Бұл кітаптың бүгінгі ұрпаққа берері мол деп есептеймін. Әрқашан оқырмандарыңыздың ортасы толып, шығармашылығыңыз шарықтай берсін. Кітап сүйер қауымға береріңіз мол болсын!,-деді Нұрлан Ноғаев.
Автордың “Қасқырдың Арғы тегі - Қазақ шығар” кітабы қоғамның әлеуметтік, мәдени, тарихи және саяси сипатын өлеңмен өрнектеген туынды.
Жиында ақынның сөзіне жазылған «Маңғыстау», «Сағыныш» әндері де орындалды.
- 03.06.2022
- 277