- Блогтар
- Қамбаров Қ.Т.
Қамбаров Қ.Т.
ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы
«Жастар және референдум» семинары өтті
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен және ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум қарсаңында «Жастар және референдум» оқыту семинарын ұйымдастырып, өткізді.
Семинарға ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының, жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, жас ғалымдар, ЖОО студенттері мен белсенділер қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау туралы заңнаманың негізгі аспектілері және республикалық референдумды ұйымдастыру мәселелері туралы айтып берді.
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді.
Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Саргазин референдум өткізу кезінде Құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөнінде сөз сөйледі.
Жастар өкілдері талқылауға белсене қатысып, түрлі өзекті сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алуға мүмкіндік алды.
Іс-шара қорытындысы бойынша жас белсенділер қазақстандық жастарды референдумға қатысуға шақырды.
- 03.06.2022
- 296