• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Менің Туым – менің Қазақстаным»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Менің Туым – менің Қазақстаным!» атты патриоттық акциясына Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан жерлестеріміз бұл күні Алғыс хаттармен марапатталып, Бразилияда өткен сурдлимпиаданың қола жүлдегері Алдияр Балташев пен Әлем чемпионатының жүлдегерлеріне облыс әкімі атынан қаржылай сертификаттар табыс етілді.

сыдан тура 30 жыл бұрын алғаш рет Тәуелсіз Қазақстанымыздың жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл еліміздің тарихында Ту, Елтаңба және Әнұранымыздың күні ретінде сақталады. Көкшетау қаласының орталығындағы амфитеатр алаңында өткен акция мемлекеттік рәміздерімізді жастар мен жөспірімдерге насихаттап, оның қадір-қасиетін түсінуге, құрметтеп, әрқашан биікте ұстауға бағытталды. Әсіресе, жастарға спортшыларымыздың әлемдік додаларда көк туымызды биікте желбіретіп, Әнұранымызды шырқатқандағы тебіреністі сәттерін өз ауыздарынан естіртудің үлкен мән-маңызы бар.

Мемлекеттік Әнұранды шырқаумен басталған акцияда облыс әкімі барша жиналған қауымды құттықтап, сөз сөйледі.

–Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің басты символдары. Олар еліміздің егемендігі мен бітұтастығын бейнелейтін берік негіздерінің бірі. Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген таңда еліміздің басты нышандарын белгілеп алдық. Біздің мемлекеттік рәміздеріміз барлық іс-шаралардың негізгі атрибуттары болып табылады. Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін әркім әрқалай танытады. Мәселен, спортшылар әлемдік додаларда ел намысын қорғап, көк Туымызды желбіретіп, Әнұранымызды аспандатады. Ғалымдарымыз жаңалықтар ашып, еліміздің білім жолындағы жетістіктерін паш етеді, ал,  диқаншылар алтын астықты қамбаға толтырады, – дей келе, облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы жетістіктерінің бірқатарына тоқталды. Бұдан соң, 2016 жылғы бокстан әлем чемпионы Дина Жоламанмен бірлесіп, «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына жаңадан қосылып жатқан қала мектептерінің үздік оқушыларына ұйымның галстуктарын салтанатты түрде тағып берді және ұйым мүшелерінің антын қабылдап алды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, оның берік нығаюына біздің жерлестеріміздің қосқан сүбелі үлесі зор. Осы орайда, облыс әкімі өңірдің дамуына аянбай еңбек етіп, қоғамдық және шығармашылық жұмыстарда өздерінің кәсіби білім-біліктерімен көзге түскен, отансүйгіштіктерімен, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін іспен көрсеткен жерлестерімізге Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Олардың ішінде Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген ардагері Болат Жанәділов, «Ел жастар» жастар театрының жетекшісі, талантты актер және «Замандас», «Толағай» жобаларының авторы Ерден Нұрмұхамет, 11 айлық балаға аса ауыр операция жасап, өмірін сақтап қалған Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігер-хирургы Қайрат Рамазанов, бір жыл бұрын өзен суына батып бара жатқан 8 жасар қызды және оның мұғалімін құтқарып қалған атбасарлық Талғат Докумбаев және мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған түрлі байқауларға қатысып, ерекшеленген жастар бар.

Жоғарыда атап өткеніміздей, мемлекеттік рәміздерімізді әлемдік спорт додаларында танытып, көк байрағымызды желбіретіп жүрген спортшыларымыз да бұл салтанатты шарада облыс әкімінің қолынан сый-сыяпаттарын алды. Жақында Стамбулда өткен әлем біріншілігінде  әйелдер арасындағы бокстан қола жүлдегерлер атанған Дина Жоламан мен Карина Ибрагимоваға 2 миллион теңгенің сертификаттары, олардың бапкері, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушы Александр Высоцкийге 1,5 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Сонымен бірге, осы жылдың мамыр айында Бразилияда өткен жазғы сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен қола жүлдегер атанған  Қазақстан Республикасының спорт шебері,  жерлесіміз Алдияр Балташевке пәтер алуға сертификат берілді, ал оның жаттықтырушысы, «Мерген» мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының жетекшісі Ерсана Қапаров 1,5 миллион теңгенің сертификатына ие болды.

Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, патриоттық әндер шырқалды.

  • 04.06.2022
  • 279
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика