- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Ақтөбе облысының әкімдігінде ішкі туризмнің дамуы талқыланды
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өзінің орынбасары Ермек Кенжеханұлын, Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратовты, мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисованы қабылдады. Өңір басшысы ведомстволардың ішкі туризмді дамыту саласындағы ағымдағы қызметтері жайлы есептерін тыңдады. Баяндамашылар пандемия ішкі туризмді дамыту қажеттігін көрсеткенін атап өтті. Нәтижесінде 2020 жылдан бері Ақтөбе облысының барлық туристік бағыттары өзектендірілген. 2021 жылдың соңында әуежайда "Visit Aktobe" туристік-ақпараттық орталық ашылған болатын. Онда жергілікті туристік өнімдер, көрнекі жерлер, мәдени шаралар, экскурсиялық бағыттар туралы толық ақпарат алып, Ақтөбе облысын бейнелейтін кәдесыйларды сатып алуға болады. Туризмді дамыту мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары белсенді жүзеге асырылуда. Осылайша, 2020 жылы «Бизнестің жол картасы» аясында туристік сала субъектілеріне 5 грант бөлінсе, биыл тағы 1 грант берілмек. Кәсіпкерліктің бес субъектісіне Бизнестің жол картасы аясында инфрақұрылым жүргізілген болатын.
«Қабылданған шаралар оң нәтижелерін беріп те жатыр. Мәселен, осы жылы "Yurta Park-те" аквапарк ашылады және «Қасқыр сарқырамасына» глэмпинг ұйымдастырылған болатын. Туристік орындарда қажетті инфрақұрылым кезең-кезеңімен дамып келеді»,- деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.
- 09.06.2022
- 322