• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шахан, Долинка және Новодолинский кенттерінің тұрғындарымен кездесіп, жеке мәселелер бойынша қабылдау өткіздім

Мұнда, басқа моноқалалардағыдай ТКШ, тұрғын үй және жол мәселелері көтерілді. Бұл мәселелерді жүйелі түрде шешеміз.

Мысалы, Шаханда қазандықтың құрылысын аяқтадық. Биылғы жылы орталық жылуға барлық қалған көп қабатты үйлерді қосамыз, одан әрі жеке сектордағы үйлерді жылуға қосу мәселесін пысықтайтын боламыз. Шахандықтар бассейн салу мәселесін де көтерді. Қазір жобалық-сметалық құжаттама дайын. Сонымен қатар кентте басқа да маңызды мәселелер баршылық. Біз тұрғындармен жұмыстың басымдықтарын анықтау үшін тағы бір мәрте кездесуге келістік.

Новодолинский кентінің тұрғындары болса, су құбыры желілері мәселесін көтерді. Желінің тозу көрсеткіші жоғары, апаттар жиі орын алады.

Су құбыры мәселесі шешіледі. Қазірдің өзінде құбырлар мен кәріз, тазарту құрылыстары бойынша ЖСҚ әзірленуде.

Шахтинск қаласының өзінде де 44 км су құбыры желілерін қайта жаңартуды жалғастырамыз. Сонымен қатар, қала тұрғындарын басқа да өзгерістер күтіп тұр. Меморандум аясында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы саябақты қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.

Бұрынырықта айтылған кеншілердің өтініші бойынша бассейні бар ДСК құрылысы аяқталуда. Нысанның әзірлік деңгейін тексердім. Қазіргі уақытта абаттандыру, бассейнді қаптау және жабдықтарды орнату бойынша жұмыстар ғана қалды.Нысанның ашылуы тамыз айына жоспарланған. Сондай-ақ кеншілер Абай көшесіндегі жолдың жағдайына назар аударуды сұраған болатын. Жолды жөндеу басталды, жұмыстар келесі жылы толығымен аяқталады. Бұған қоса, Қазақстан және Станционная көшелерінде де жолдарды жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ Жеңістің 40 жылдығы жолының екінші желісі мен облыстық трассадан қаланың автовокзалына дейінгі кіру жолының учаскесі жөнделіп, жарықтандыру орнатылады.

Тұрғын үйге қатысты. Осы жылы Шахтинск қаласында 60 пәтерлі екі үй пайдалануға тапсырылса, Шаханда құрылысы аяқталмаған үш көпқабатты үй қалпына келтіріледі. Сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылысы үшін 112 жер учаскесінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу жобасын бастаймыз. Өздеріңіз білетіндей биыл кеншілер үшін арнайы ипотека іске қосылды. Жыл басынан бері осы бағдарлама бойынша жеңілдікті шарттармен 70 пәтер берілді. Шахтерлер күніне орай Шахтинск қаласында тағы 25-30 пәтерді пайдалануға береміз.

Тұрғындармен осындай кездесулерді өткізу тәжірибесін одан әрі де жалғастыратын боламын. Біздің басты міндетіміз мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету. Бұл ретте сіздердің қолдауларыңыз маңызды. Егер мәселелердің шешілуі сөзбұйдаға салынып жатса, маған хабарлаңыздар, міндетті түрде тиісті шараларды қабылдаймын.

  • 09.06.2022
  • 382
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика